Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті рет азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдау кезінде негізінен, тұрғындар әлеуметтік қамтамасыз ету, баспана, жер телімдерін заңдастыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік, білім беру салаларына қатысты, қаланы абаттандыру, жолдарды асфальттеу және заңсыз құрылыс нысандары туралы сұрақтар қаралды.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 810640,2 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда 2% артты.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 2,3% артты, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 1,5% өсті.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 38062,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 101,2% құрады.
2024 жылғы қаңтар- қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 10448,6 млн. тонна-шақырымды (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 128,7% құрады.
Жолаушылар айналымының көлемі 3703,9 млн. жолаушы-шақырымды немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 95,7% құрады.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 182487,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек салыстырғанда 130,6% құрады.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 38,8% өсіп, 775,8 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 58,2% артты (423,5 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 118,6% (340,5 мың шаршы метр) құрады.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 462296,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 110,1% құрады.
2024 жылғы қаңтар-маусымға жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1812102,6 млн. теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 6,9% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 25,4%, қызметтер көрсету – 67,9% құрады.
Тұтыну баға индексі 2024 жылғы қыркүйекте 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,5% құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы – 0,5%, азық-түлік емес тауарлардың – 5,8%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 8,7% өсті.
2024 жылғы қыркүйекті 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 3,6% өсті.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 712048,5 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 17,7% көп.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 1263121,9 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 116,4% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 427,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 8% азайды, оның ішінде экспорт – 77,3 млн. АҚШ долларын (17,1% азайды), импорт – 350,3 млн. АҚШ долларын құрады (5,6% азайды).
Қала әкімі, орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан әкімдері шамамен 200 тұрғынды қабылдады. Қала басшысы жауаптыларға өзекті мәселелерді шешуде азаматтардың ұсыныс-пікірлерін ескеруді тапсырды.