Ішкі істер министрлігінің келісімімен Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының ұсынысымен Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы лауазымына полиция подполковнигі Асқар Амантайұлы Көшқалиев тағайындалды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Полиция подполковнигі Асқар Көшқалиев ішкі істер саласында өзіндік қолтаңбасы бар тәжірибелі маман. Қызмет жолын ең маңызды сала тергеуден бастап, Астана қаласы, Атырау, Түркістан облыстарында жоғары деңгейде жұмыс жасаған қызметкер.
Жауапкершілік жүгі ауыр құрылымның жаңа бастығына сәттілік тілейміз.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі