• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ЭКСТРЕМАЛДЫ ЖАҒДАЙДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІБИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ» БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Май 27, 2024
Spread the love

Шымкент қаласы полиция департаментінің инспектор-психологтары Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің «Ақтас» оқу-жаттығу полигонында полиция қызметкерлеріне өткізілетін жиында «Экстремалды жағдайларда қызметкерлерді кәсіби психологиялық дайындау» бойынша семинар-сабақ ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты қызметкерлерге төтенше жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау қажетін түсіндіру болып табылады.
Құтқарушылардың жұмысында моральді және психикалық күй басты роль атқарады. Бұл құтқарушының кез келген жағдайда саналы, сенімді әрекеттерге дайындығын анықтайды. Құтқару жұмыстары кезінде зардап шегушілерді психологиялық тұрғыда айықтыру қажет. Ауыр психикалық жарақат алған адамды топпен бірге физикалық күш жұмыстарға еліктіріп жан тыныштығын қайта қалыптастыруға болады.
Төтенше жағдайлардың жағымсыз әсерлерін төмендету үшін құтқарушылардың төтенше жағдайларға үнемі дайындығы қажет, сонымен қатар психикалық тұрақтылық пен ерік-жігер тәрбиесін қалыптастыру қажет.
Құтқарушыны даярлау кезінде жан-жақты қабілеттілігі бар әмбебап маманды дамыту қажет.
Шартты түрде құтқарушылардың психологиялық дайындығын 3 түрге бөлуге болады: жалпы, арнайы және мақсатқа бағытталған. Жалпы дайындық үнемі профилактикалық білімдер мен дағдыларды талап етеді. Қорқыныш, стрестер, үреймен күресу кезінде мынандай ереже бар: емдеуден гөрі алдын алу тиімді.
Құтқарушылардың арнайы психологиялық дайындығы арнайы жаттығуларды орындау процесінде, қиын жағдайларда оқу-жаттығулар өткізу кезінде құтқарушының өз әрекетінің дұрыстығына сенімділік, тұрақтылық пен физикалық төзімділікті қалыптастырады.
Психологиялық дайындықтың негізгі мазмұны — басқару органдары мен барлық дәрежедегі командирлер іс- әрекеті болып табылады. Ол психикалық белсенділікті жоғарылату және жеке құрамның жұмысқа қабілеттілігі, адамның бейімделу мүмкіндігін жоғарылатуға бағытталған.
Бұндай дайындық мыналарды қарастырады:
— командирдің мінсіз, сенімді әрекеттері, қажетті талаптарды ұстануыжеке үлгі болып табылады;
— бағыныштылардың қауіп пен қауіпсіздік шараларын ұстануды адекватты қабылдауға тәрбиелеу;
— қатал кәсіби іріктеу;
— әртүрлі экстремалды жағдайларда құтқару жұмыстарына өзін бағыттау және өз-өзін сендіру.
Құтқарушылардың психологиялық дайындығының келесі қасиеттерді қалыптастыруы керек:
— жоғары эмоционалды тұрақтылық, белсенділік, өмірге деген шынайы қарым-қатынас, жағымсыз шарттарға бейімделу қабілеттілігі, өзге адамдарға көмек көрсету мотивациясы;
— бір іс-әрекеттен екінші бір іс-әрекетке абыржып қалмай тез ауыса білу қабілеттілігі;
— қорқыныш пен мазасыздық сезімдерінен қаша білу қабілеттілігі;
— психологиялық үйлесімділік, ұжым ішіндегі іс-шараларға белсене қатысу.
Осылайша, құтқарушының психологиялық дайындығы ең басты факторлардың бірі екендігін есте сақтау қажет. Болар болмас қорқыныштың туындауы ауыр хәлге ұшыратады. Ең бірінші құтқару жұмыстары кезінде төзімділік пен тәртіп танытып тезарада шешім қабылдайтын атқарушы тұлғаларға байланысты.
Шара барысында тез шешім қабылдауды және ұжымдағы ауызбіршілікті нығайтуға арналған тренинг-жаттығулар жүргізілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика