Шымкент қалалық Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханасының №2 бөлімшесінде Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлескен ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты поэзия кеші өтті.
Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.
Іс-шара барысында түрлі этнос оқушылары Вакуленко Ксения, Галимов Шамиль, Шакарбекова Мадина, Абдужалилова Азиза, Дилмуратова Маржона, Ахматкулов Асилбек, Рустемов Мақсат, Ахметжанқызы Сара, Человечиков Камалбектер Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін жатқа оқыды.
Жалпы қаламыздағы этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметін ерекше атап өтуге болады. Өзге этнос өкілдерінің поэзияға деген оның ішінде А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров сынды ақындардың тағылымдық шығармаларына деген ықыласы мен құлшынысынан үлкен серпін байқалады. Мақсаты – жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, еңбекқорлық, ар-намыс тәрізді адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу және қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруды кеңінен насихаттау. Қатарыңыздың көптігі, әрбіріңіздің жан-жақты дайындығыңыз көңіл қуантпай қоймайды.
Шарадан ешкім құр алақан қалған жоқ, өйткені арамызда қазақ тілінде сөйлемейтін немесе сөйлесем, жаңсақ айтып күлкі боламын-ау деп әлі де болса тартынып, орынсыз қысылып жүргендерге бұлардың әрқайсысының батыл әрекеті үлгі боларлық. өлеңдерден жатқа үзінді оқып, қазақ тілін насихаттау бойынша қосқан үлесі үшін барлық белсенділік танытқан оқушылар ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.