• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шымкенттің бас полицейі Отбасы күніне орай көпбалалы әріптесінің жанұясын құттықтады

Автор:admin

Сен 8, 2024
Spread the love

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Сыйластық пен мейірімнің ордасы болған шағын мемлекетте тәлім беріліп, өмірлік көзқарас қалыптасады.
Отбасылық құндылықтар — бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер. Бұл — отбасының берік болуына себеп болатын сезімдер. Мұның бәрі адамдардың үй ішінде бірге бастан кешіретін сезімдері: қуаныш пен қайғы, амандық немесе мәселелер мен қиындықтар.
Ең маңызды отбасылық құндылықтардың қатарында құрмет, адалдық, қамқорлық, келісім, өзара көмек бар. Бұл — отбасын жақын және қымбатты адамдар тобы ретінде анықтайды. Отбасылық құндылықтарды сақтау — біздің ұрпақтың басты міндеті!
Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады. Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылықтар аясында кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру.
Бүгін осындай үйлесімділік салтанат құрған шаңырақтардың біріне қалалық полиция департаментінің бастығы Думан Таев ат басын бұрып,
айтулы мерекемен арнайы құттықтап қайтты.
Шаңырақ иесі — Асылбек Жолдасов департаменттің айдауыл қызметі взводының қызметкері. Ал жұбайы Айханым Жанысбаева — кітапханашы. Екеуі де жауапкершілігі мол мамандық иелері.
Отауласқандарына 15 жылға жуықтаған ерлі-зайыптылар қазіргі таңда 7 ұл-қыз тәрбиелеп, көпбалалы отбасы атанып отыр.
Полиция аға сержанты Асылбек Пернебекұлы жұмысында жоғары іскерлік және адами қасиеттері үшін әріптестері арасында зор абырой мен құрметке ие. Ішкі істер саласында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады.
Ісіне берік маман үйінде — мейірімді әке, сүйікті жар, өзін алға сүйрейтін — отбасының қолдауы.
Полиция генерал-майоры Думан Әшкенұлы көпбалалы отбасыға құрмет көрсетіп, мерекелерімен құттықтап, шаңырақтарына бақ-береке тіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика