• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шымкенттік полицейлер ынтымағы жарасқан үлгілі отбасыны күміс кереге болуымен құттықтап қайтты

Автор:admin

Сен 8, 2024
Spread the love

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері елге үлгі болған Колибаевтар отбасын отау құрғанына 50 жыл “Күміс кереге” болуымен құттықтады.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. «Дәулет есіктен – ақыл бесіктен», – демекші, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Осындай ынтымағы жарасқан үлгілі отбасы – Колибаевтар отбасы. Шымкент қаласының тұрғыны Колибаев Мұсахан Төле би ауданы Зағамбар елдімекенінің тумасы. Отбасының тірегі, алтын діңгегі — 1974 жылы Сырдария ауданының қызы Садықова Орынкүл Қонысбекқызымен шаңырақ көтерді. Көпке үлгі болған отбасымыз 4 қыз ,1 ұл тәрбиелеп өсірген. Қазіргі таңда , 12 немере ,1 шөберенің үлгілі ата-әжесі.
Отағасы Мұсахан еңбек жолын 1977 жылы ОҚО ІІБ және ОҚО бойынша мемлекеттік тергеу комитетінде әртүрлі басшылық қызметтерді атқарған. 1997 жылы әділет подполковнигі атағымен зейнеткерлікке шыққан. Ал , жұбайы Орынкүл Қонысбекқызы өзінің еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласы № 58,62 мектептерінде “ музыка және ән сабағының”мұғалімі болып қызмет атқарып, 2014 жылы зейнеткерлікке шықты.
Отбасылық құндылықтар — бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер. Бұл — отбасының берік болуына себеп болатын сезімдер. Мұның бәрі адамдардың үй ішінде бірге бастан кешіретін сезімдері: қуаныш пен қайғы, амандық немесе мәселелер мен қиындықтар.
Ең маңызды отбасылық құндылықтардың қатарында құрмет, адалдық, қамқорлық, келісім, өзара көмек бар. Бұл — отбасын жақын және қымбатты адамдар тобы ретінде анықтайды. Отбасылық құндылықтарды сақтау — біздің ұрпақтың басты міндеті!
Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады. Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылықтар аясында кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру.
Өңегелі отбасы қызмет барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығына арналған “Үлгілі отбасы” байқауында жүлделі бірінші орнымен мараратталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика