• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында іс-шара өткізді

Автор:admin

Сен 6, 2024
Spread the love

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері «Отбасы күні» қарсаңында,отбасы тұрмыстық қарым-қатынаста жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында «Менің отбасымның портреті» атты акциясын өткізді. Іс-шара Шымкет қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Нұрлан Өсерханұлы Қарабаевтың төрағалығымен өтті.
Кездесуге Ұлттық комиссия Президент жанындағы әйелдер істер және отбасы демографиялық саясат бойынша мүшесі, Шымкент әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбекқызы Жандосова, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастармен жұмыс жүргізу және отбасындағы құндылықтарды насихаттау бөлімінің басшысы Сабаев Мұхтар Жәнәбілұлы, қосымша білім беру оқу салалық орталығының тәрбие бөлімінің басшысы Сулейменова Гүлмайра Алимхановна, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Глазебная Инна Михайловна, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Өтебаева Жанат Өмірсейтқызы, «Ана үйі» орталығының басшысы Төнтекова Қалдар Жұмабайқызы, «Әйелдер күштері Альянсының төрайымы Жазықбаева Жаннетта Канаевна қатысты.
Іс-шараның мақсаты, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары Шымкент қаласы полиция департаменті қала аумағында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу мақсатында отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытындағы жұмыстарды жандандыруға шақырамыз, деп хабарлайды Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика