«Заң үйірмесі» жобасы аясында қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызмет басқармасы Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге Шымкент қаласы «Болашақ» жоғарғы колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, студенттерге қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың заңды жауапкершіліктерін, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы буллинг, зорлық-зомбылық, қорқытып алушылық, есірткіге қатысты қылмыстардың заңды жауапкершіліктері түсіндірілді.
Бүгінгі таңда отбасындағы зорлық- зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Отбасындағы, мектептегі зорлық- зомбылық құрбандарының басым көпшілігі елдің сөзінен қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданбайды, ол болса қайталана береді, нәтижесінде ажал құшып немесе кемтар болып қалып жатқандар саны қаншама.
Отбасындағы зорлық- зомбылықтың басты себебі маскүнемдік және жұмыссыздық. Шыдамай ажырасқандар қаншама, ол да нәтижесінде өкінішке орай өгей әке мен өгей анаға балаларды тәуелді етумен аяқталып жатады.
Зорлықтан зардап шеге отырып әйел адамдар көбіне баспанасыз қаламын ба деп немесе төркінімде мені кім күтіп отыр дейсің деп, өз-өздерін амалсыз құрбан етеді. Ал балаларға келсек, қазіргі күні өз ата-анасынан, ересектерден зорлық- зомбылық, қатыгездік көріп отыратындары үлкен проблемаға айналып отыр.
Қоғам үшін ең бастысы — тәуелсіздік болса, адам үшін бас бостандығы және уайым-қайғысыз өмір сүруі. Қазіргі күні мемлекет болып, халық болып осындай келеңсіз жайттарға тосқауыл қою үшін көптеген заңнамалық сипатта шаралар жүргізіліп жатыр.
Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасы құру бәрі де әр адамның өз қолында. Зорлық- зомбылыққа жол жоқ.