Шымкент қаласы полиция департаменті Көші-кон қызметі басқармасы, аудандық полиция басқармаларымен бірге республика көлемінде өтіп жаткан «реттелмеген мәртебесі бар адамдарды анықтау туралы» екінші кезеңдегі науқан іс-шарасы барысында жеке басы анықталмаған 26 тұлғаны Қазақстан Республикасының азаматы деп танылды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері және Үкіметтік емес ұйымдар «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығымен бірлесіп, азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетуілуде. Жергілікті атқарушы органдарына, Оқу орындарына, Денсаулық сақтау ұйымдарынан, ҚАЖ мекемелерінен мәртебесі реттелмеген тұлғаларыдың тізімдері сұратылып, азаматтығы анықталмаған адамдардың тізімін калыптастырылуда.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының азаматтығын аныктау бойынша 9 іс-құжат; Азаматтығы жоқ тұлға мәртебесін тану бойынша 3 тұлға катысты іс-құжаттар қаралуда.
2024 жылғы 1 тамызға қала халқының саны 1241,8 мың адамды құрады.
Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 14269 адамды құрады (өткен жылғы сәйкес кезеңде 14519 адам).
2024 жылғы қаңтар-шілдеде туылғандар саны 17181 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-шілдеге сәйкес 1,3% көбейді), қайтыс болғандар саны 2912 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-шілдеге сәйкес 1% көбейді).
Оң көші-қонның айырмасы қалыптасты және 5474 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-шілдеде 1558 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 359 адам оң көші-қон айырмасы (303), ішкі көші қонда оң көші-қонның айырмасы – 5115 адам (1255).
Мемлекет басшысы осы жылдың 16 мамырында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғанын айтты.
Құжат 6 негізгі новелланы қарастырады:
Біріншісі – ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерін алуда қоныс аударушылар үшін құқықтық жағдайлар жасау. Ендігі ретте қоныс аударушыларға жер учаскелері оны иеліктен шығару құқығынсыз ең төменгі мөлшерден аспайтын мөлшерде және конкурстан тыс тәртіппен 5 жылға дейінгі кезеңге уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беріледі. Бұл ретте тұрақты тұратын өңірдің ауысуы жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соғады.
Екіншісі – ерікті қоныс аударуға қатысушыларға төленетін көшуге, тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға арналған субсидияларды банктер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы кредиттік міндеттемелер бойынша өндіріп алулардан қорғау жөніндегі нормалар бекітілген. Оларға тыйым салу, сондай-ақ шығыс операцияларын жасауға уақытша және басқа шектеулер қойылмайды.
Үшіншісі, Егер этникалық қазақтың жеке басын куәландыратын құжатта ұлты көрсетілмесе, этникалық қазақтың ұлтын айқындау бөлігінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға тиісті құзырет бекітілді.
Төртінші – қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларын қосу мүмкіндігі қарастырылған.
Бесінші – ғылыми дәрежесі бар этникалық қазақтар үшін ғылыми жұмыстарды жүргізу қажет болған кезде қоныс аударуға алынған мемлекеттік қолдау шараларын қайтарусыз және өтеусіз өңірлер бойынша дербес көші-қон мүмкіндігі ұсынылды.
Алтыншы – еңбекші көшіп келушілерге өздерінің өтініштері бойынша 1 айдан 12 айға дейінгі мерзімге еңбек рұқсатын алуға мүмкіндік берілді.