• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шымкенттік полицейлер мереке қарсаңында отбасылық эстафета ұйымдастырды

Автор:admin

Сен 6, 2024
Spread the love

Отбасы күні қарсаңында қалалық полиция департаменті қызметкерлерінің отбасыларынан құрылған 13 команда қатысып, бақ сынады.
Іс-шараның негізгі мақсаты ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ойын барысында шапшаңдылыққа, төзімділікке және өскелен ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастыру. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым–қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шебері аса кең, көп қырлы. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, достармен сөйлессек те, осының бәрі – қарым–қатынастың сан алуан қырлары болып есептеледі.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады.
— ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
— ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;
— өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
— бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
— түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.
Жарыс қорытындысына сай жалпы, командалық есепте 1 орынды – Шымкент қаласы полиция департаментінің Оқу – жаттығу взводының бастығы полиция подполковнигі Алдашев Нүркен Ермаханбетұлы мен оның отбасы иеленсе, 2 орынды – Абай ауданы полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Тогызбаев Ерболат Абуарираевичтың отбасы ие болды. Сондай –ақ , 3 орын иелері – Тұран ауданы полиция басқармасының аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Хахаров Рахымжан Қошқарұлы мен отбасы болды.
Жеңімпаздар арнайы грамота және кубоктармен марапатталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика