Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген педагогтерге алғыс айтты. Білім беру ісіндегі үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды.
Марапатталғандар қатарында Шымкенттегі З. Космодемьянская атындағы №23 мектеп директоры Жанар Тойлыбаева бар.
Президент еліміздегі оқу-ағарту саласын дамыту жолында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, қоғамда білім беруші мен білім алушыға да қойылатын талап жоғары. Өйткені бәсеке қарқын алған қазіргі заманда жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті деңгейіне жетуі керек. Жаңа формация мұғалімі оның біліктілігін шыңдап, жетілдіру арқылы қалыптасады және дамиды.
Бүгінде мұғалімге қойылатын талап жоғары. Педагогтің біліктілігі төмендегі факторлармен өлшенеді. Ол алдымен оның бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Заман талабына сай еліміз қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынуда. Білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін кәсіби құзыреттілігі жоғары мұғалімді талап етіп отыр. Нәтижеге бағдарланған білім беру сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған. Жаңа формациядағы жаңашыл маман болу – білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беруді түрлендіруде, білім процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі болып саналады. Бүгінгі күнде экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда.