Халықаралық математикалық 1-5 сынып оқушыларына арналған FEMO INTERNATIONAL VI олимпиадасы Ташкент қаласында 1-3 маусым аралығында өтті.
Халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Беларусь, Франция, Чехия, Швеция, Польша, Ресей және Индонезия мемлекеттері қатысты.
Жеке сайыс нәтижесі бойынша Шымкент қаласынан:
І орын — Тұрапбай Мұхаммедали, Zerdeli International School 4 сынып оқушысы;
ІІІ орын — Әшірбай Бекарыс, Zerdeli International School 5 сынып оқушысы;
ІІІ орын — Жарылқап Аңсар, Zerdeli International School 3 сынып оқушысы марапатталды.
Топтық сайыс бойынша:
Тұрапбай Мұхаммедали және Әшірбай Бекарыс БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды.
Сонымен қатар, «Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының хаты негізінде «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастыруымен, оқушылар арасында ғылымды насихаттау мақсатында 10-11 сынып оқушыларына арналған Қазақстан Білім Олимпиадасы ұйымадастырылды.
18-22 мамыр аралығында өткен Олимпиада математика, физика, химия, биология, информатика, география пәндері бойынша өтті.
Шымкент қаласы бойынша «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының базасында оқушылар олимпиадаға оффлайн форматта қатысты.
Нәтижесінде, Шымкент қаласының қоржынына 39 медаль қосылды. Оның ішінде 9 алтын, 11 күміс, 19 қола.
Айта кететін, 2024 жылғы тестілеуде өзгерістер бар. Атап айтқанда, бейіндік пәндерге жаңа тапсырмалар қосылып, тест уақыты қысқарады. Бұрын 4 сағат берілген болса, енді талапкер 3 сағат 30 минутта жауап беріп үлгеруі керек. Дегенмен ерекше қажеті бар балаларға берілетін қосымша 40 минут сақталады. Жалпы алғанда пән санында өзгеріс жоқ. Бұрынғыдай үшеуі міндетті және екеуі — таңдауына қарай, дегенмен «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» деген міндетті пәндерден тапсырма саны 5 сұраққа азаяды. Ал бейіндік пәндер бойынша сұрақ саны артып, жалпы тест тапсырмасы 40 болады. Өзгерістер қатарында бейіндік пәндерде берілген тізім ішінен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады. Тесттегі сұрақ саны — 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» — 20, «Оқу сауаттылығынан» — 10, «Математикалық сауаттылықтан» — 10 және екі бейіндік пән бойынша — 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.
Жеңімпаздарды, жетекшілерін, пән мұғалімдерін және мектеп ұжымын құттықтаймыз!
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі