Биыл дәстүрлі халықаралық IGeO-2024 олимпиадасы Ирландия мемлекетінің Дублин қаласында өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Әлемнің 50 елінен келген 200-ге жуық қатысушының арасынан зияткерлер олжалы оралды.
Байқау нәтижесінде химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Арсен Сыдыков пен Қанат Серікбай қола медаль иегерлері атанды.
Айта кетейік, жақында Сербияның Капаоник қаласында өткен географиядан Х Еуропалық олимпиадада Арсен Сыдықов алтын, ал Қанат Серікбай күміс медальдерге ие болған.Сондай-ақ зияткерлер басқа да халықаралық және республикалық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсетіп келеді.
Қоса кетерлік, Шымкент қаласында спорт саласын дамытуға айрықша маңыз беріледі. Бүгінде шаһардағы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 33 спорттық ұйым жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 16 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 кәсіби спорт клубы, 3 спорт клубы, 1 дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері, 1 спорт ғимараттар дирекциясы, 1 су-спорт кешені және 4 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы спорт нысандары.
Қазіргі уақытта Шымкентте №12 мектетегі спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың қазан айына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Құрылыстың жалпы қаржысы 1,7 млрд теңгені құрайды.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешені тұрғындарға (спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейні бар) пайдалануға берілді.
Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Алдағы уақытта, Тұран шағын ауданындағы 5 гектар жер телімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Паралимпидалық, сурдолимпиалық спорт кешенінің» құрылысы 2025-2026 жылдар аралығында жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта, Тұран құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.