«Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының хаты негізінде «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастыруымен, оқушылар арасында ғылымды насихаттау мақсатында 10-11 сынып оқушыларына арналған Қазақстан Білім Олимпиадасы ұйымадастырылды.
18-22 мамыр аралығында өткен Олимпиада математика, физика, химия, биология, информатика, география пәндері бойынша өтті.
Шымкент қаласы бойынша «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының базасында оқушылар олимпиадаға оффлайн форматта қатысты.
Нәтижесінде, Шымкент қаласының қоржынына 39 медаль қосылды. Оның ішінде 9 алтын, 11 күміс, 19 қола.
Айта кететін, 2024 жылғы тестілеуде өзгерістер бар. Атап айтқанда, бейіндік пәндерге жаңа тапсырмалар қосылып, тест уақыты қысқарады. Бұрын 4 сағат берілген болса, енді талапкер 3 сағат 30 минутта жауап беріп үлгеруі керек. Дегенмен ерекше қажеті бар балаларға берілетін қосымша 40 минут сақталады. Жалпы алғанда пән санында өзгеріс жоқ. Бұрынғыдай үшеуі міндетті және екеуі — таңдауына қарай, дегенмен «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» деген міндетті пәндерден тапсырма саны 5 сұраққа азаяды. Ал бейіндік пәндер бойынша сұрақ саны артып, жалпы тест тапсырмасы 40 болады. Өзгерістер қатарында бейіндік пәндерде берілген тізім ішінен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады. Тесттегі сұрақ саны — 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» — 20, «Оқу сауаттылығынан» — 10, «Математикалық сауаттылықтан» — 10 және екі бейіндік пән бойынша — 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.
Шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлер «Қазақстан тарихы» мен «Оқу сауаттылығы» пәндерімен қатар, «Математикалық сауаттылықты» міндетті пән ретінде тапсырады. «Математикалық сауаттылықтан» тест тапсырмалары өмірде математикалық логика бойынша алған білімдерін, дағдыларын қолдана алуын тексеруге бағытталған, сондықтан бұл пән барлық тестке тапсырушыға міндетті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткен еді. Егер ақылы негізде оқысы келсе, онда 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады.