Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен шымкенттік Қуандық Бектас Бекалиұлы джиу-джитсудан жастар арасында Азия чемпионы атанды.
Абу Даби қаласында (БАӘ) Азия чемпионатында 30 мемлекет, 1100 спортшы бақ сынасты. Шымкенттік №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Бектас Қуандық көк туымызды көтеріп, Араб, Тайланд, Өзбек елінің азаматтарын жеңді.
Бектас Бекалиұлының спорт жолындағы жетістіктері:
2018жылы — 8-9жас аралғында Ju-Jitsu дан Қырғыстан Бишкек қаласында өткен Кубок Азия жарысында алтын медальға ие болды. Ушу-санда дан Республикалық Қазақстан Чемпионатында чемпионы атанды.
2019жылы — 10-11 жас аралығында Жекпе-жектен Ақтауда өткен Республикалық Қазақстан Чемпионатында бас жүлдеге қол жеткізді,жәнеде Таразда өткен халқаралық турнирде алтын жүледеге қол жеткізді.
2021жылы — 12-13жас аралығында Кикбокстан Облыстық Чемпионаты Шымкент қаласында өткен жарыста алтынға қол жеткізді.
Pankration нан Республикалық Қазақстан Чемпионатында (Алматы) қаласында өткен жарыста чемпион атанды.
2022 жылы — 12-13жас аралығында Ju-Jitsu дан (Астана) қаласында өткен Республикалық Қазақстан Чемпионатында бас жүлдеге қол жеткізіп,Мальгард де мар (Испания)қаласына жолдама ұтып алды, Атырау қаласында Қоян-қолтық ұрыстан өткен Республикалық Қазақстан Чемпионатында чемпион атанып, Дубай еліне жолдама ұтып алды. Сонымен қатар, 12-13жас аралығында Еркін күрестен Республикалық Қазақстан Чемпионатына жолдамасына ие болды.
14-15жас аралығында Рукопашный бой Қазақстан Республикалысының чемпионатында чемпион атанды.
14-15 жас аралығында Жекпе-жектен және Combat Jiu-Jitsu Қазақстан Республикасының чемпионатында чемпион атанды.
Айта кететін, 2024 жылы 15-16 мамыр күндері «Өрт-2024» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы Шымкент қаласының аумағында өтті.
Табиғи және техногендік апаттардың алдын алу барысында 118 (жүз он сегіз) эвакуациялық жинау пункттері (ЭЖП) және 58 (елу сегіз) зардап шеккенм тұрғындарды қабылдау пункттері білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінде оқу-жаттығулар өткізілді.
Арнайы оқу-жаттығулардың сапасын тексеру барысында Қазығұрт ш/а №86 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты №83 эвакуациялық жинау пунктінде іс жүзінде практикалық жұмыстарын көрсетті.
Келген тұрғындарға ЭЖП-нің мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп қосымша ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, ЭЖП-нің жұмысын пысықтауға, Қалалық білім басқармасының, Шымкен қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары қатысты.