• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТІК МҰҒАЛІМДЕР «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» АТАНДЫ

Автор:admin

Окт 25, 2024
Spread the love

Республика күні аясында Астана қаласында Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев «Үздік педагог» конкурсының републикалық кезеңінің қорытындысы бойынша 64 жеңімпазды марапаттады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Аталған іс-шараға қаламыздан № 2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының мұғалімі М. Галиева, М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның мұғалімі Ю.Грязнов, «Саз колледжінің» арнайы пән оқытушысы О. Дмитриева, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның мұғалімі Г. Шералхан қатысып, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1 000 АЕК (3 450 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Сондай-ақ Шымкент қаласындағы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернатында» да жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындаған еді. Өйткені мектеп-интернаттың қосымша корпусы шамамен 1939 жылы пайдалануға берілген. Биыл сәуір айында тозығы жеткен ғимарат сүріліп, орнына жаңа білім ошағының құрылысы басталды. Қалалық құрылыс басқармасының тарапынан жүргізілген жұмыстың арқасында нысанның құрылыс-монтаждау жұмысы алты айда толық аяқталып, пайдалануға берілуге дайын. Сондай-ақ қазіргі таңда мемлекеттік қабылдау актісімен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жаңа ғимарат екі қабаттан тұрады. Оның бірінші қабатында медицина бөлмесі, оқу сыныптары, тәрбиешілер мен күзет қызметкерлерінің бөлмелері және кітапхана орналасқан. Ал екінші қабатында жатақхана қарастырылған. Мұнда 3-12 жас аралығындағы балалар оқу жылында тәулік бойы білім алады.
Қазіргі уақытта 70 балаға лайықталған негізгі ғимаратта 89 бала білім алуда. Ал жаңа корпус ашылғаннан кейін қосымша 40 балаға арналған орын пайдалануға берілетін болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика