Қаладағы №2 Оқушылар сарайының «Жетіген» триосы Түркияда бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған III Халықаралық «ART BAYTEREK» өнер-білім байқауының аспапта ойнау жанры бойынша бас жүлдеге ие болды.
–Байқауда түркі тілдес елдерден келген өнерпаздардың 40-қа жуық сахналық нөмірі көрсетілді. Біз 40-шы болып сахнаға шықтық. Көрерменнің қазақ аспабына деген ықыласы ерекше екені байқалды – дейді үйірме жетекшісі Г. Төлегенова.
Жетіген үйірмесіне қатысатын оқушылардың айрықша өнері қазылар алқасының да қошеметіне ие болды.
Еске саларлық, шырайлы қаламызға еліміздің барлық өңірлерінен терме дейтін текті өнердің жүгін арқалаған жыршы-термешілер келіп, оңтүстік аспанын әуелеген ән-жырға толтырды. Сонау 2000-шы жылдары Шалқар Әбіш негізін қалап кеткен терме байқауы қайта жаңғырып, «Шалқар термесі – 2024» III-ші республикалық байқауы өтті. Ұмытылып бара жатқан қазақтың киелі өнерін жандандырған Шалқар Әбішұлының ұрпағы мен «Шалқар мұрасы» қоғамдық қоры ұйымдастырған шараға 21 жас жыршы-термеші қатысты. Байқаудың мақсаты – жыр-термені жас ұрпақтың санасында жаңғырту және төл өнердің жаңа есімдермен толығуына үлес қосу.
Жалпы, терме – ақылы мен нақылы, ғибраты бар өлеңді әуен, ғасырлар бойы жасап келе жатқан текті, тегеурінді өнер. Терме жас ұрпақты ата-бабасының өсиетін, өмірлік қағидасын қадір тұтуға үйретеді.
Додаға түскен термешілерге мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев, белгілі жыршы Елмұра Манасқызы, жыршы, сазгер Әбдіберік Әділбеков, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, термеші Жақып Сыпабаев, мәдениет саласының үздігі Ұлықпан Жолдасов төрелік етті.
Байқауға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Салтанатты жиынға Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Басқарма басшысы терме байқауы алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілетінін айтты.
Мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев бастаған қазылар шешімімен бас жүлде – автокөлік Қызылорда қаласынан келген Марат Сүгірбайдың қанжығасына байланды. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» білім беру бағдарламаларының оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі, Мәдениет саласының үздігі.
Ал, 1-орын мен 1 миллион теңге ақшалай сыйлық жерлесіміз Ербол Қалмырзаевқа бұйырды. Жүлделі орындардан бөлек «Ең жас термеші» номинациясын Аяжан Акиева иемденсе, Шалқар ағамыздың жары Мариям анамыздың «Ананың ақ тілегі» жүлдесі Оразалы Игілікке бұйырды.