• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Шымкенттік есірткімен күресушілер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды

Автор:admin

Май 20, 2024
Spread the love

Полицейлер ұйымдастырған жиынға 800-ден астам студент қатысты.
Маңызы мол кездесу Жастар ресурстық орталығында өтті.
Іс-шараның мақсаты жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткімен байланысты қылмыстар үшін заңмен қарастырылған жауапкершілікті түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Нашақорлық – қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі болса, есірткі заттарын сату – ең қауіпті қылмыстардың бірі. Қазір бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын бұл затқа, әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызуда.
Кездесу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жиналғандарға толыққанды ақпараттар беріп, жаман әдеттерден аулақ болуға, бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға шақырды. Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы бейнероликтер және кинологиялық қызмет орталығының қызметтік іздестіру иттерінің мүмкіндіктері көрсетілді.
Есірткіні таратудың алдын алу бойынша білім беру және жастар бос уақытын өткізетін орындарда, интернет кеңістігінде мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Интернеттегі мониторинг жұмыстарының нәтижесінде синтетикалық есірткі таратуы мүмкін 48 ақпараттық сайт анықталып, Ішкі істер министрлігінің «Киберқадағалау» бағдарламасына сараптамаға жолданып, бұғатталды.
Шара соңында жастар құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты өздерінің ой-пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды.
Өз мемлекетіңді, нашақарлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел! Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика