Шымкенттік делегация мүшелері 2023 жылғы 26 — 27 сәуір күндері Астана қаласында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясына аттанды.
Сессия жұмысы 26 сәуір күні Назарбаев Университетінде панельдік кездесумен бастау алып, 27 сәуір күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өтеді.
Сессия жұмысына Шымкент қаласынан жалпы саны 21 делегат қатысады. Делегация құрамында ассамблея құрамына кіретін қала басшылығы, мәслихат депутаттары, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА жанындағы құрылым басшылары мен «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің басшысы бар.
Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды.
Барлық құқықтар қорғалған.
Бұл азаматтық қоғам институты Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бөлшегі болып табылады. Ол барлық этностардың мүдделерін топтастырып, азаматтарды ұлтына бөлмей, құқықтары мен бостандықтарының мінсіз сақталуын қамтамасыз етеді.
Барлық құқықтар қорғалған.
Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.
Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын — этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.
Бүгінгі күні елімізде жүзден аса этнос өкілі өмір сүріп жатыр. Мінекей өткенге көз жүгіртсек Қазақстан Республикасының ішкі тыныштығын, қоғамның татулығын сақтаудың өте маңызды екенін көреміз. Оған тек этносаралық келісімді сақтай отыра қол жеткіземіз. Сондықтан да мемлекет өзінің мойнына жүктелген бүкіл әкімшілік қызметі барысында тарихи мекендеуші ұлтпен қатар басқа этнос өкілдерінің қамын ойлап, олардың барлық конституциялық құқықтарын қамтамасыз етіп, заңды мүдделерін қорғап, ың-шыңсыз, бейбіт келісімді қарым-қатынасына тиімді жағдай жасауға, этносаралық татулықты күйттеген мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, оның ең негізгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін демократиялық тәсілмен қамтамасыз етудің стратегиялық міндетін іске асыруды өзінің міндеті санайды.