• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТІК БҮЛДІРШІНДЕР «ӘНҰРАНЫМ – АЙБЫНЫМ» АТТЫ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСТЫ

Автор:admin

Июн 4, 2024
Spread the love

Биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 32 жыл толды.
Астана қаласының тәрбиеленушілерінің «Әнұраным – айбыным» атты челленджіне қатысуға атсалысқан Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 74 “Айдана”, 24 “Алма”, 56 “Тұлпар”, 40 “Нұрлан”, 60 “Тараз”, 62 “Ботақан” бөбекжай-балабақшаларының 90 тәрбиеленушілерін дайындап, Шымкенттің абыройын көтерген балабақша басшыларына алғысымызды білдіреміз.
Мемлекеттің рәміздері – оның егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің айғағы. Олар мемлекеттілік идеясын, топтасу мен ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға ұмтылуды білдіреді. Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің мақсаты, бір жағынан мемлекет идеясының негізгі басымдықтарын қалыптастыру: тұтастық, тәуелсіздік, ел азаматтарының бірлігі, ал екінші жағынан ел азаматтарының бейбіт тату көршілікті жақтаушы ретіндегі бейнесін халықаралық деңгейде қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер қазақ философиясының негізгі белгілерін – ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтауға көмектескен іргелі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды көркем бейнелейді. Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мемлекеттілік идеологиясының сыртқы нысандары. Рәміздеріміз бір-бірімен тығыз байланысты. Бірін-бірі толықтыра отырып, олар Қазақстан Республикасы азаматтары және халықаралық қоғамдастықпен еліміздің мызғымастығының негізі ретінде қабылданады.
Еске салайық, 2022 жылдың маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану туралы заңнаманы қатайтып, жастармен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабына «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» деген өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін айыппұл үш мың АЕК-ке дейін көтерілді. Сондай-ақ бұзақы 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін.
Көк туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз әркез шырқалып, балапандарымыз қуанышқа бөлене берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика