• Пн. Авг 18th, 2025
Популярные метки

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтергені үшін 200-ден астам кәсіпкер жауапқа тартылды

Автор:admin

Июл 27, 2025
Spread the love

Шымкентте биылғы жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтергені үшін 200-ден астам кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 15-і – ет бағасына қатысты. Бұл туралы қала ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.
Басқарма мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының сақталуын бақылау шеңберінде жүздеген сауда нүктесі тексерілген. Айта кетейік, сиыр еті (жамбас-бүйірі бөлігі, сүйекпен бірге) әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің тізіміне кіреді, бағалары бақылауға алынатын тауарлардың қатарында.
«Бүгінде Шымкентте әлеуметтік маңызы бар шамамен 60 сауда нүктесі жұмыс істейді, сонымен қатар апталық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, онда сүйекті сиыр еті 3200-3300 теңге аралығында тұрақты бағамен сатылады. Өнімдер Түркістан облысының мал шаруашылығы кәсіпорындарынан тікелей жеткізіледі», – деді басқарма басшысы Талғат Мекамбаев.
Ол сондай-ақ еттің ішкі бөліктерінің бағасы реттелмейтінін атап өтті.
Басқарма басшысының айтуынша, «Қасқасу-С» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтарымен жасалған келісімшарттар аясында еттің сату бағасы 2620 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, «айналымдық схема» механизмі шеңберінде «Магнум» және «Грамад» сауда желілерімен келісімшарттар жасалған, бұл сүйекті сиыр етін 2590 теңге тұрақты бағамен сатуды қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығы басқармасында атап өткендей, нарықта еттің ең жоғарғы сауда бағасы 3800-4000 теңге аралығында болады. Алайда, кейбір сауда орындарында бағалар тұрақты қалыпта сақталуда.
Бағаның жеке сауда нүктелерінде өсуі бірнеше факторлармен түсіндіріледі — маусымдық сұраныстың артуы, жем-шөп бағасының қымбаттауы және экспорттың өсуі. Дегенмен, мегаполисте еттің тапшылығы мен сұраныстың шектен тыс өсуі байқалмайды, — деп атап өтті басқарма басшысы.
Әкімдік тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы реттеліп, бақыланатын сауда нүктелерін таңдап, соларға сенуге шақырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика