• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шымкентте «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде

Автор:admin

Авг 28, 2024
Spread the love

Мегаполис аумағында жедел-профилактикалық іс-шара 26 тамызда басталды.
Іс-шараның мақсаты қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және оны қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
Іс-шара барысында полицейлер жалға берілетін пәтерлерді, қараусыз қалған ғимараттарды, қару иелері мен есепте тұратын тұлғаларды тексерді.
Жүзден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу немесе мас күйінде болу, тіркеусіз тұру, шетелдіктің көші-қон саласындағы заңнаманы бұзуы, тыныштықты бұзу және т.б. жайттар.
Құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясат мына принциптерінде жүзеге асырылады:
— адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және сақтау;
— заңдылық;
— жариялылық;
— ғылыми негізділігі;
— құпиялылық;
— қылмыстың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың репрессиялық шараларға қарағанда басымдылығы;
— күрделілік пен жүйелілік;
— әрбір адамға және азаматқа жеке көзқарас;
— отбасын қолдау және сақтау;
— жазаның бұлтартпастығы.
Мемлекеттік органдар өз өкілеттіктері шегінде мынадай міндеттерді орындайды:
— құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырады;
— құқық бұзушылықты алдын алу саласында құқықтық реттеуді жүзеге асырады;
— құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында, масс-медиа және интернет-алаңдарда жариялауды ұйымдастырады;
— өз құзыретіне сай құқық бұзушылық тәуекелдерін анықтауға, оларды залалсыздандыруды, жоюды немесе азайтуды қамтамасыз етуге;
— құқық бұзушылықтың алдын алудың басқа субъектілерімен өзара байланыс жасайды
— құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтар жасау фактілері немесе оларды жасау қаупі туралы хабарлайды;
— жарты жылда бір рет Үкіметке қылмыстың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп береді;
— құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де міндеттерді орындайды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика