• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Автор:admin

Мар 28, 2023
Spread the love

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеев пен Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов Шымкент қаласындағы ірі көпсалалы құрылыс компаниялары «Әділет құрылыс LTD» және «А.Р.Т.-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қызметкерлеріне еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғауға байланысты семинар-кеңес өткізді. Семинарда қолданыстағы еңбек заңнамалары, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің арасында еңбекақы, әлеуметтік төлемдерді кешіктірудің, әлеуметтік шиеленістердің, еңбек жанжалдарының алдын алу, еңбек шарттарын электронды форматқа көшіруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, түсіндірме жүргізілді. Еңбек ұжымы кәсіби пайдалы дәрісті тыңдап, еңбек жағдайында орын алатын мағлұматтар мен ақпараттарға қанық болды.
Жиын соңында Бауыржан Ілімшеұлы компания қызметкерлерін кәсіподаққа мүшелікке кіруге шақырып, бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу жолдары мен кәсіподақ ұйымы бар мекемелердің артықшылықтары жайлы айтып өтті.
Еңбеккерлерге міндетті кепілдіктерді белгілеу, әлеуметтік әріптестікті дамыту, Халықаралық еңбек ұйымының құжаттарында бекітілген үздік халықаралық еңбек стандарттарын енгізе отырып, еңбек заңнамасын жетілдіруге қол жеткіземіз.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының санын көбейтіп, Еңбек министрлігінің қарамағына береміз.
Еңбек қатынастарының кез келген нысаны тараптардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ете отырып, заңды түрде жасалуы тиіс.
Кәсіподақтарға еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделері тұрғысынан еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына нақты және кедергісіз қоғамдық бақылау құқығы берілуі керек.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика