• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

Автор:admin

Апр 18, 2023
Spread the love

Үшінші мегаполисте «Қауіпсіз еңбек жылы» аясындағы кезекті кездесуді «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек пен Шымкент қаласы автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов салалық кәсіподақ филиалы құрамындағы «Автокомбинат 4» мекемесінде өткізді. Бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен жүздесу барысында еңбек жағдайларына байланысты түрлі мағлұматтар берілді.
«Автокомбинат 4» ЖШС-гі — қалааралық жолаушы тасу қызметімен айналысады. Бүгінде мекемеде 45 адам жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің барлығы бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері.
Кездесу барысында қатысушылар еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде ақпарат алды.
Жиында Жарқынбек Айдарбекұлы өңірлік Кәсіподақтар орталығы еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, биыл Кәсіподақтар Федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Еңбек ұжымы кәсіби пайдалы дәрісті тыңдап, еңбек жағдайында орын алатын мағлұматтар мен ақпараттарға қанық болды.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы басты қағидалар:
— жұмыскердің өмірін және денсаулығын сақтау;
— жұмыскерлердің денсаулығына өндірістік зиянды әрекеттердің әсер етуіне жол бермеу;
— жұмыскерлердің еңбек шартына құқығын қорғау;
— аумақтық бөлімшелер және реттеушілердің өкілдерінің келісілген әрекеттерін қамтамасыз ету;
— қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайы туралы ақпараттың толықтығы және шынайылығы. Еңбекті қорғауды басқару саласында мақсатты тұжырымдаудың бірыңғай жүйесі енгізілді, атап айтқанда мәдениетті арттыру және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жүйені жетілдіру бағдарламасы, қызметтің жаңа негізгі функционалдық көрсеткіштері бекітілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика