• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 28, 2023
Spread the love

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын кәсіподақтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзекті мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев пен Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, жүргізушілер Ассоциясының басшысы Ерғали Қасымов, «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Шымкент филиалының құрамындағы «Shymkent Bus» ЖШС-ң өкілдері, салалық кәсіподақ филиалдарының төрағалары қатысты. Күн тәртібінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ тарапынан 2023 «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарында орындалып жатқан іс-шаралары, Мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан қаламыздағы мекемелер мен өндіріс орындарында еңбекті қорғау мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар жайы, «Shymkent Bus» ЖШС-де қоғамдық көліктердегі жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қаралды.
Жиында қаралған бірінші мәселе бойынша «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек өңірлік кәсіподақтар орталығы тарапынан «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында атқарылған жұмыстары туралы баяндап өтті. Атап айтқанда, «ҚР Еңбек кодексі», ҚР кәсіподақтар туралы» заңдарының талаптарын жүзеге асыру бойынша жыл басынан бері 26 бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесулер өткізіліп, Еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесе қаладағы 25 өндіріс орындарындарына барып, еңбек ұжымдарымен кездесу өткен. Жалпы 51 мекемеде кездесу өтіп, 960-тан астам жұмыскерлермен еңбек кауіпсіздігін қатаң түрде сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу жөнінде іс-шаралар толығымен насихатталған.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов өңірдегі мекемелер мен өндіріс орындарында еңбекті қорғау мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар жайы туралы баяндама жасап, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді. Бауыржан Ахметәліұлының пайымдауынша, жыл басынан бері Басқармаға азаматтардан келіп түскен 340 өтініші қаралған. Нәтижесінде, 50 тексеру жүргізіліп, 69 бұзушылық анықталған. Оның ішінде еңбек қатынастары бойынша 65 арыз, ал еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша 4 арыз қаралған. Анықталған бұзушылықтардың 54 жойылып, заңға сәйкестендірілген.
Сонымен қатар, «Shymkent Bus» ЖШС-де жол қозғалысы қауіпсіздік инженер Ерғали Қасымов қоғамдық көліктердегі жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы туралы баяндап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталып, оны жою бойынша әр тараптардан ұсыныстар айтылды, алдағы уақытта берілген ұсыныстар қалалық Қоғамдық кеңес мүшелеріне жолданатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика