• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ТРОТУАР ТАҚТАЙШАЛАРЫ ҚАЙТА ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ

Автор:admin

Июл 24, 2024
Spread the love

Бүгінде Тәуке хан даңғылы бойында аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қолданылған тротуар тақтайшалары қаланы абаттандыруда қайта пайдаланылады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Плиткалардың бір бөлігі қалалық дендросаябақтағы жаяу жүргіншілер жолына қолданылған. Қалған тақтайшалар бес аудан әкімдігінің қоймаларына таратылады.
Естеріңізге сала кетейік, Тәуке хан даңғылындағы осы тақтайшалар төселген тротуарлардың ұзындығы екі бағытта үш шақырымды құрайды.
Талқылаудан кейін абаттандыру кезінде плиткаларды ауыстырып, жаяу жүргіншілер аймағын тарылту туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы демеушілер есебінен жүргізіліп жатыр.
Қалада жалпы ұзындығы 891 шақырым 443 магистраль көшені санитарлық тазалауға, абаттандыруға және күтіп ұстауға 5 мердігер ұйым жұмылдырылған.
Күн сайын мегаполис көшелерін тазартуға 2500 жұмысшы шығады, 150 арнайы техника жұмылдырылады.Шымкентте магистральды көшелерде санитарлық, механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді. Қазір арнайы бригадалар газондарды орып, ағаш пен жасыл желектерді зиянкестерден, күннен қорғау үшін әктеп жатыр.
Сондай-ақ, жауын- шашын салдарынан су алу қауіпі бар аумақтар да қатаң бақылауға алынды.
Айта кетейік, қаладағы 443 магистральды көшенің тазалығына 5 мердігер мекеме бекітілген. Орталық көшелерді тазалау жұмыстарына күн сайын 1500-ге жуық жұмысшы, 100-ден аса техника жұмылдырылады. Тазалық жұмыстарын оңтайландыру мақсатында қала аумағы секторларға бөлініп, жұмыс жүйе бойынша жүргізілуде. Бұл шараға әр ауданнан 150-ден аса қызметкер мен 15-ке жуық техника жұмылдырылды. Бұдан бөлек, республикалық акцияға қала әкімдігіне қарасты барлық басқарма қызметкерлері де қатысып жатыр. Әр мекеме өзінің ауласын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмысын жүргізді. Тазалықты басты орынға қойған Шымкент тұрғындары да экологиялық акцияға белсене қатысып жатыр. Жастар бұл апталық шарасында ағаштарды әктеп, жол жиегіндегі ирригациялық арықтарды қоқыс пен шөптен тазартып, коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қол ұшын созды.
50 адамнан құралған бригадалар қоғамдық орындар мен автобус аялдамаларында, сондай-ақ саябақтар мен скверлерде тазалық шараларын жүргізеді.
Күн сайын тротуарлар, суару жүйелері, қала көшелері мен қоғамдық алаңдар тазалануда. Қала көшелерін механикалық тазарту жұмыстары да кестемен атқарылады.
Магистраль көшелер маңыздылығына қарай үш санат (I санаттағы көшелер – 67 көше, II санаттағы көшелер – 157 көше, III санаттағы көшелер-219 көше)
бойынша жиналады . Сондай-ақ жасыл желектер 21 ұңғыма арқылы суырылып, 20 мың шаршы метр жерге көгал егілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика