• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ТЕННИСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Май 20, 2024
Spread the love

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жастар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу бойынша Дэвис кубогы кезеңінің ұлдар арасындағы сайысының ашылу рәсіміне қатысты. Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан Junior Davis Cup Азия/Океания аймағының іріктеу жарысында 16 жасқа дейінгі кіл мықты жасөспірімдер бақ сынасуда.
Әлем чемпионатына іріктеу қаламызда екінші рет өтуде. Жасөспірім ұлдар арасындағы іріктеуде Шымкент, Алматы қалалары мен Түркістан облысының спортшылары ел намысын қорғайды. Турнирге Аустралия, Қытай, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Таиланд, Вьетнам, Өзбекстан, Иордания, Шри-ланка командалары қатысуда.
Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Спорт жастардың спорттық іс-әрекеттерінің жалпы жүйесінде маңызды рөл атқарады және бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын енгізудің пайдалы және көрнекі жарнамасы бола отырып, күшті үгіт-насихат қызметін атқарады.
«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Жалпы бүгінгі таңда, Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды. (оның ішінде: 16 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі, 3 Жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 Олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 кәсіби спорт клубы, 3 спорт клубы, 1 дәрігерлік диспансер, 1 спорт ғимараттар дирекциясы, 1 су-спорт кешені және 4 Мемлекеттік жеке әріптестік аясындағы спорт нысандары).
Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамытылады (37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері).
Сондай-ақ, 18 490 спортшымен (олимпиадылық спорт түрімен – 12481, қысқы спорт-338, олимпиадалық емес – 4008, ұлттық спорт түрі – 1322, мүгедектігі бар спортышалар – 341 (пара-72, сурдо-153) штаттағы 912 жаттықтырушы (олимпиадалық спорт – 638, ұлттық – 69, олимпиадалық емес-182, мүгедектігі бар- 23) оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика