• Чт. Май 8th, 2025 12:30:48 PM
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ САДАҚ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Фев 19, 2025
Spread the love

Бүгін садақ атудан жабық кешендегі ҚР чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің өңірлерінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Жарыста Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жетісу облыстарынан келген жас мергендер бақ сынасуда. Чемпионат – халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын болашақ спортшыларды анықтайтын маңызды бәсеке.

Спортшылар мергендік қабілеттерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартысты бәсеке өткізеді. Мақсат – садақ ату спортының дамуына серпін беру, жас спортшылардың тәжірибесін арттыру және ұлттық құрама сапына лайықты спортшыларды іріктеу. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері 24 ақпанда марапатталады.

Автор: admin

Leave a reply

  • Default Comments (0)
  • Facebook Comments

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика