• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТӨРТ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Окт 22, 2024
Spread the love

Республика күні қарсаңында Қайнарбұлақ, Көкбұлақ, Базарқақпа, және Өтеміс тұрғын алаптарында төрт жаңа мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды.
Жергілікті тұрғындардың өтініштерін ескерген қала әкімі нысандар құрылысын қолға алуды тапсырған болатын, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Мегаполис басшысы жаңа нысандардың ашылуына қатысып, маңыздылығына тоқтала отырып, тұрғындарды алдағы мереке-Республика күнімен құттықтады.
— Мәдениет үйлері түрлі іс шаралар ұйымдастыратын, бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орынға айналады.Мәдениет саласы — басым бағыттардың бірі. Мемлекет жаңа шығармашылық алаңдар құруды және дарынды жастарды қолдау жұмыстарын жалғастырады, — деді қала әкімі.
Сондай-ақ, мегаполис басшысы тұрғындарды оқуға, өнерге, спортқа және салауатты өмір салтын ұстануына, балаларды тәрбиелеуге көп көңіл бөлуге шақырды.
— Балалардың гаджеттерге жұмсайтын уақытын шектеу және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау өте маңызды. Олармен бірге кітап оқып, пікір бөліскеніміз — болашағымыз үшін игі қадам — деді ол.
Өз кезегінде шымкенттіктер мегаполис басшысына өзекті мәселелерді шешіп, мәдени нысандарды қолға алғаны үшін алғыс білдірді.
Айталық, былтырғы жылдың есебі бойынша, дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын азаматтардың үлесі 513 954 құрады. Оның ішінде 2023 жылы 3-5 жастағы шұғылданушылар саны 2206 болса, 6-13 жас аралығында — 134 815, 14-18 жас аралығында — 19726, 19-35 жас аралығында — 126 922, 36-65 жас аралығында — 49 271, 65 жастан асқандар арасында спортпен шұғылданатындар саны 3474 адамды құрады. Жалпы білім беру ұйымдарындағы 176 мекемеде 219 653 бала, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі ұйымдардағы 27 мекемеде 30 675 адам, 8 жоғары білім беру ұйымдарында 52 058 адам, мемлекеттік спорттық тапсырыс арқылы 94 жеке кәсіпкер 11 657 баланы, 21 балалар мен жасөспірімдер клубтарында 15 578 адам, 5 спорт клубтта 2866 адам, 3 спорт ғимараттары базасында 23129 адам, 39 фитнес клубта 64 587 адам, 20 спортты дамыту бойынша қоғамдық ұйымдар мен федерацияларды 36 658 адам, 169 дене шынықтыру мен спортты дамытуға бейімді басқада ұйымдарда 67 093 адам спортпен тұрақты түрде айналысады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика