• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Шымкентте полицейлер оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндірді

Автор:admin

Апр 16, 2024
Spread the love

Абай АПБ-ның ювеналды полицейлері Seitzhan School оқушыларына жол жүру қағидаларын үйрету бойынша сабақ өткізді.
Мектеп оқушыларына жолда қайғылы жағдай болмауы үшін қауіпсіз қозғалысының қарапайым ережелерін сақтауы қажеттігі туралы түсіндірілді. Яғни, жақын келе жатқан көліктің алдында жолды кесіп өтпеу, жолдан өту кезінде жаяу жүргіншілер өтпелін пайдалану және тек бағдаршамның жасыл рұқсат беру сигналына өту, жолдың жанында ойнамау, көлік қозғалысы қарқынды көшенің жүру бөлігін кесіп өту қиын болған жағдайда мектеп инспекторының немесе мұғалімнің көмегіне жүгіну керектігі айтылды.
Сабақ соңында балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша пайдалы ақпараты бар жадынамалар таратылды.
Тәртіп сақшылары кішкентай жаяу жүргіншілердің ата-аналарына баланың киімінде жарық шағылыстыратын элементтер бар болуын қамтамасыз етуді сұрайды.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді, себебі жолдағы балалардың қауіпсіздігі – ересектердің басты міндеттерінің бірі.
Көбінесе балалар жүріс бөлігін рұқсат етілмеген жерде, бағдаршамның тыйым салатын сигналына, жақын жүретін көліктің алдында өтеді, сондай-ақ велосипедтерді, мопедтерді және мотоциклдерді жүргізу кезінде жол жүру ережелерін бұзу орын алады.
Жол жарақатының маңызды себебі-көлік құралында жолаушының, жүргізушінің қауіпсіздік белдіктерін тақпауы немесе балаларды ұстайтын құрылғысы жоқ жас бала.
Көбінесе ересектер баланың көзінше жол ережелерін бұзады, балалар ересектерден не көрсе соны қайталап істейтінін ересектер ұмытып кетеді.
Балаларда әлі де жолдарда жүріс-тұрыстың берік практикалық дағдылары жоқ, нәтижесінде Жол қозғалысының жас қатысушыларының қиын жол жағдайында жүре алмауы болады.
Жолдағы ересектердің жүрісі Сіздің балаңызға үлгі болатынын ұмытпаған жөн. Күн сайын балаларға жол ережелерін және жолдан өту кезінде, жолда сергек және мұқият болу қажеттілігін ескертіңіз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика