Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде бітіруші 11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.
Жиынға Шымкент қаласы полиция департаментінің Анықтау басқармасының бастығының орынбасары, полиция полковнигі Құралбаев Исфандияр, Әл-Фараби АПБ ювеналды полиция инспекторы полиция майоры Елтаев Мейірман қатысты.
Шымкент қаласы бойынша 2023-2024 оқу жылының аяқтаулына орай 25 мамыр соңғы қоңырау мерекесі күндері қарсаңында қаланың қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар ұйымдастыру кезінде түлектердің қаладан тыс жерге шықпауына шектеу қойылуына байланысты таулы аймақтарға, демалыс орындарына, каттедждерге, ойын-сауық мекемелеріне баруына тыйым салынғандығы бойынша және қалада құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында нашақорлыққа және алгокольдік ішімдіктерді ішуге, темекі және электронды бұйымдарын қолдануға, интернет-алаяқтардан сақтануға, өзінің жеке мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу туралы түсіндірді.
Мектеп директоры Раушан Алмаханқызы 11 сынып оқушыларына бітіруші түлек болғандықтан соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ақша жинауға, қымбат көліктермен серуендеуге, кешкі мезгілде көңіл көтеретін орындарға баруға қатаң түрде тыйым салынатынын ескертіп, қорытындылады.
Соңғы қоңырау мерекесі кезінде оқушылар мен түлектердің қауіпсіздігі назардан тыс қалмайды. Қала әкімдігінің жанынан арнайы комиссия құрылған. Шымкенттің бас ұстазы мереке күндері ойын-сауық демалыс орталықтарында, су тоғандары мен қауіп төндіретін орындарда, қала сыртына шығатын бекеттерде бақылау қадағалау болатынын ескертті.
Сондай-ақ, түлектердің ата-аналардан негізсіз қаржы жинап, артық шашылмауын сұрады. Мұғалімі мен мектепке сый-сыяпат жасауға тыйым барын еске салды. «Бітіру кешінде түлектер мектеп формасын соңғы рет киіп, алтын ұясымен қоштасса ғой» деген ойын айтты.