Еңбекші ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Бейсенов Жандос Дайрабекұлы №142 мектептің оқушыларымен кездесіп, маңызды профилактикалық жиын өткізді. Бұл іс-шараның басты мақсаты — жасөспірімдер арасында заң бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Құқықбұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.
Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз.
Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды.
Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандағы білім саласымен біргелікте түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып келеді.
Осы тұста жоғары сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, алдын алу және оны болдырмау мақсатында нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, осы мақсатта құқық бұзушылықтың алдын алу және олармен күресу жолдары бойынша жиындар жиі өткізілуде.
Кездесуге 200-ге жуық мектеп оқушысы қатысты. Полицейлер мектеп қабырғасындағы жасөспірімдерге заң бұзушылық жасағаны үшін қарастырылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы түсінік беріп, олардың құқықтық білімін тереңдетті.
Іс-шара барысында жасөспірімдерге «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, полицейлер оқушыларға тәртіпке, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен айналысуға шақырды. Жасөспірімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Бұл жиын жас ұрпақтың заңды сақтаудағы жауапкершілігін арттырып, олардың қоғамдағы рөлін терең түсінулеріне ықпал етті.