• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Шымкентте патрульдік полицейлер көшеде талып қалған балаға көмектесті

Автор:admin

Июн 14, 2024
Spread the love

Аманат Галиден мен Бексұлтан Оңалбаев көшеде талмаға ұшыраған 2 жасар бүлдіршінге дер кезінде көмек көрсетті.
Қала көшелеріндегі тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аялдамаларының бірінде құлап, есінен танып жатқан баланы байқаған. Жанындағы анасы қорыққаннан не істерін білмеген. Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы бір жағымен жатқызып, алғышқы көмек көрсетті. Аз уақыттан соң ол есін жиып, өзіне келді. Кейін полицейлер баланы қызметтік көлікпен, кептеліссіз, бірнеше минут ішінде ауруханаға жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды.
Осылайша, құқық қорғаушылар жедел және үйлесімді әрекеттің арқасында тағы бір өмірді сақтап қалды.
“Жақсысы, біз дәл сол сәтте жақын маңда болдық. Қажет кезде көмекке келу – біздің міндетіміз” — дейді офицерлер.
Айта кететін, алғашқы медициналық көмек-бұл дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілуі керек шаралар кешені.
Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше адамның өмірін сақтап қалу. Бұл кеңестер өзімізге, жазасын өтеушілерге және басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.
Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер өзіңізге, жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.
Ең алдымен адамды қайғылы жағдай болған жерден алып шығыңыз, оның өміріне қауіпті жағдайды (талып қалу, бастырылып немесе қысылып қалу, қан тоқтамау) жойыңыз; жарақатының қандай дәрежеде екенін, көлікпен немесе жаяу тасымалдауға келетін-келмейтінін көріңіз; қауіпсіз, медициналық көмек көрсетуге қолайлы жерге апарыңыз; алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
Естен тану – ол ми қан айналымының уақытша бұзылуымен байланысты есін кенеттен жоғалту. Басқаша айтқанда, мидың оттегі жетіспейтіні туралы дабылы.
Кәдімгі және эпилептикалық естен тануды ажырата білу маңызды. Кәдімгі естен тану кезінде жүрегі айнып, бас айналады.
Естен танудың алдында адамның көзі айналып, суық тер басады, пульсі әлсіреп, аяқ-қолы суып кетеді.
Естен танудың қарапайым жағдайы:
— қорқыныш;
— мазасы кету;
— қапырық және т.б.
Адам есінен танғанда, оны қолайлы көлденең жатқызып, таза ауанын келуін қамтамасыз етіңіз (киімінің түймелерін шешіңіз, белдігін босатыңыз, есік пен терезелерді ашыңыз). Зардап шегушінің бетіне суық су шашыңыз, бетінен ақырын шапалақтаңыз. Егер қасыңызда дәрі жәшігі болса, мүсәтір спиртімен дымқылданған мақта тампонын иіскетіңіз.
Егер 3-5 минут ішінде есін жимаса, дереу «Жедел жәрдемге» қоңырау шалыңыз.
Зардап шегуші өз-өзіне келген кезде, оған ашты шай немесе кофе беріңіз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика