• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Шымкентте мүгедектігі бар 421 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты

Автор:admin

Апр 18, 2024
Spread the love

Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан мүгедектігі бар 1368​ азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған7
Шымкент қаласында биыл Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан мүгедектігі бар 1368 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Бүгінге дейін оның 421-і жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды R-FACTOR.KZ ақпарат агенттігі еңбек мобильділігі орталығының баспасөз орталығына сілтеме жасап. Бұл үшін жұмыс берушілерге арнайы квота бекітіліп, мекемлерде жұмысшы санына қарай 2- 4 пайыз мөлшері аралығында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуы тиіс. «АМАНАТ» партиясының әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту жөнінде сайлауалды бағдарламасының іске асуын бақылау үшін Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қалалық мәслихат депутаты Алина Дубинина партиялық бақылау жүргізді. Алдымен Шымкент қалалық перзентханада болған партиялықтар осында арнайы квота негізінде жұмысқа қабылданған Эльмира Затыбекова және Әсел Медеубаевамен тілдесті. Жуырда ғана жумысқа орналасқан жандар ризашылығын жеткізіп, бүгінгі жұмыс орны мен төленетін айлық жалақысына көңілі толатынын айтты. Мұнан кейін бақылаушы топ Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінде болды. Аталған мекеме жыл басынан бері 2 мүгедектігі бар адамды жұмысқа қабылдап отыр. Бірі – аула сыпырушысы, бірі – мектеп күзетшісі. Мектеп директоры Раушан Алмаханқызының айтуынша, екі азамат та өз ісіне жауапты, жүктелген міндетін ұқыпты орындайды екен. – Біздің мектепте екі техникалық қызметкерден бөлек, 7 мүгедектігі бар мұғалім қызмет атқарады. Олардың атқарған қызметіне көңіліміз толады. Өз жұмысын аса ұқыпты орындауымен өзге әріптестеріне үлгі көрсетіп отыр, – деді №7 IT мектеп-лицейінің бас ұстазы. Жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларына қатысқан мүгедектігі бар азаматтардың 13-і жастар практикасы бағдарламасымен, «Осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы аясында – 5, қоғамдық жұмыс – 97, алғашқы жұмыс орны – 19, «Күміс жас» — 32 және өзге де бос жұмыс орындарына 168 адам жолданса, «Бизнес-Бастау» жобасы шеңберінде 87 адам білімін жетілдірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика