• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР 38 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ӨТЕЛДІ

Автор:admin

Ноя 8, 2024
Spread the love

Қазір мемлекет тарапынан мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген шаралар қолға алынған. Бұл ретте қолайлы орта үшін қажетті құрылғылар мен жабдықтардың маңызы зор.
Шымкентте қазір 41 544 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде 4 614 адам – бірінші топ, 15 455 адам – екінші топ, 13 505 адам – үшінші топ және 18 жасқа дейінгі 7 970 бала бар.
Ерекше жандарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдардың қажетті құрылғысы үшін 45 681 өтінім түсіп, оның 37 970-і (82,5%) қамтамасыз етілді. Протездік-ортопедиялық көмек құралы үшін 8 203 өтінім қабылданып, 6 147 құрал үлестірілді. Сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарға 20 779 өтінім түсіп, 19 012 ерекше жанның қажеттілігі өтелді. Ал, тірек-қимыл функциясында бұзылысы бар азаматтарға арналған қоларба құралына 1 347 өтінім қабылданып, 1 197 адамға арнайы арба берілді.
Сонымен қатар, жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 901 азамат мұқтаж болса, жыл басынан бері 2 863 адамға қызмет көрсетілген. Шипажайда сауықтыру емі үшін 8 471 адамға жолдама берілді.
Мүгедектігі бар адамдар мұндай қажетті құралдарды әлеуметтік портал арқылы тапсырыс беріп ала алады. Бәйтереков 89 мекенжайында басқарма ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, 2024 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 22,4 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.
2024 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 17615 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,8% болып қалыптасты.
2024 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 314039 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы II тоқсанға 8% құрады.
2024 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 99,9% болып қалыптасты.
2024 жылғы II тоқсанда қала халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 127857 теңгені құрады. 2023 жылғы II тоқсанға қарағанда 13,8% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 5,3%.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика