• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕР: «ҚТЖ» ФИЛИАЛЫ МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТУЛЕР ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Сен 25, 2024
Spread the love

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік субъектілеріне монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына байланысты шаралар қабылдады. «ҚТЖ» ҰК АҚ-ның Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қатысты арнайы хабарлама енгізілген.
Қосбаев Ернардың айтуынша, тексеру барысында филиал вагондарды беру және шығару кезінде кейбір нарық субъектілеріне басқаларға қарағанда артықшылықтар бергені анықталған. Бұл әрекет нарықтағы бәсекелестікті бұзып, басқа субъектілерді кемсітушілікке алып келген. Қазіргі уақытта хабарлама талаптары толық орындалып, филиал қызметі заңнамаға сәйкес реттелді, сонымен қатар белгілі бір субъектілерге қатысты жеңілдіктер алынып тасталған.
Монополияға қарсы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік мекемелер мен акцияларының 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі кәсіпорындар бір көзден келісімшарт жасау үшін монополияға қарсы органнан рұқсат алуға міндетті. 2024 жылы Департамент осындай 10 өтінішті қарады, олардың 7-еуіне келісуден бас тартылды.
Қоса кететін, Экономиканың инфрақұрылымдық функцияларын орындайтын теміржол саласы бүгінгі таңда бірқатар мәселеге тап болып отыр. Өз кезегінде теміржол саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы негізгі міндеттерді кезең-кезеңімен шешуді көздейді. Атап айтқанда, өндірістің негізгі құралдарын жаңарту және жаңғырту сияқты маңызды тармақтар қарастырылған.
Айта кетерлігі, теміржол көлігі бүкіл жүк айналымының жартысын және экспорттық әрі транзиттік жүктердің басым бөлігін тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, ел экономикасының дамуы барысында маңызды рөл атқарады. Жолаушылар тасымалы туралы айтатын болсақ, бүгінгі таңда тасымалдаумен 14 компания, оның ішінде 1 ұлттық және 13 жеке компания айналысады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды 100-ден астам бағыт бойынша теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастырып отыр. Осы ретте теміржол көлігін дамыту тұжырымдамасы теміржол көлігімен жүк және жолаушылар тасымалы саласындағы қазіргі жағдайды талдау негізінде жасалған. Маңызды құжатты әзірлеу барысында көрші елдердің тасымалдау саласындағы реформалары зерделеніп, теміржол саласының қолданыстағы институционалдық және реттеуші моделі қаралған.
Стратегиялық құжат шеңберінде салаға жеке инвестицияларды тарту, жылжымалы құрамның бәсекелестік нарығы субъектілерінің жаңаруы, жаңа желілер салудың ірі жобаларын іске асыру және жеке компаниялардың жолаушыларды тасымалдау тетігін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылады деп күтілуде.
Қазақстан Республикасының теміржол көлігін дамытудың тұжырымдамасы республикалық бюджет, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы және жеке инвестициялар қаражаты есебінен іске асырылатын болады деп жоспарланып отыр. Аталған тұжырымдама 2024 жылғы 9 шілде күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Логистика және тасымалдау комитетінің теміржол көлігі жөніндегі қосалқы комитетінің ҚТЖ, қауымдастық және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өткен отырысында таныстырылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика