«23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен 2023 жылғы 11 маусым күні Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында орналасқан спорт кешендерінде мемлекеттік органдар қызметшілері арасындағы спартакиада жарысының волейбол спорты түрлерінен жарыс өткізіліп, оған 16 команда қатысты.
Талап бойынша команданың құрамында 12 адам (алаңда 5 ер адам, 1 әйел), 6-уы қосалқы, 1 әйел алаңда ойнауы шартымен ойынның ұзақтығы — 3 партия (1, 2 партия 25 ұпайға дейін, 3 партия 15 ұпайға дейін есеппен) партия арасындағы 2 минут бойынша үзіліспен ойнады. Барлық ойындар волейболдан қолданыстағы FIVB қағидалары бойынша өткізілді.
Жеңімпаз командалар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының диломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов 1-орынды иеленген Шымкент қалалық сотының командасына диплом мен 30000 теңге қаржылай сыйлық, 2-орынды иеленген Шымкент қаласының әкімі аппаратының командасына диплом мен 25000 теңге қаржылай сыйлық, 3-орынды иеленген Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің командасына диплом мен 20000 теңге қаржылай сыйлық табыстады.