• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨК ТУДЫ ӘУЕЛЕТКЕН АВТО ЖӘНЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 4, 2023
Spread the love
Биыл Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толып отыр, деп хабарлады R-FACTOR.KZ.
Осыдан тура 30 жыл бұрын, 1992 жылдың 4 маусымында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойған еді. Ал «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып саналады.
Шымкентте Рәміздер күні құрметіне бірнеше іс-шаралар өтіп жатыр. Солардың бірі 23 мың жанкүйердің Әнұранды бірге қосыла шырқағанымен ерекшеленсе, бірінде авто және велошерумен жалғасып жатты.
Ал Тәуелсіздік саябағындағы Рәміздер алаңында Әнұран шырқалып, көк Туды әуелетіп, егемендіктің басты белгілеріне құрмет көрсетілді. Іс-шараға әскерилер, күштік құрылым басшылығы, депутаттар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.
Меркелік іс-шарада патриоттық әндер орындалып, әскери оркестрдің музыканттары өнер көрсетті. Әсіресе, ардагерлер бірге қосылып шырқаған патриоттық әндер көпшілікті сүйсінтті. Мерекеге қатысқан әр шымкенттіктің қолындағы көк жалаулары рухты көтерді.
Патриоттық іс-шара аясында Ордабасы алаңынан Бәйдібек би ескерткішіне дейін Мемлекеттік туды желбіреткен 50 авто мен 80 велошеру көшелермен жүріп өткені де қала тұрғындарына рух беріп, мерекелік күннің абыройын асқақтатты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика