• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПТЕР МАҢЫНДАҒЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛАҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Автор:admin

Авг 28, 2024
Spread the love

Жаңа оқу жылы қарасаңында шәкірттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мектептер маңындағы жаяу жүргіншілер жолақтары жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Сонымен қатар, қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында көшелердегі қажетті аймақтарда жол таңбалары жаңартылып, бағдаршамдар мен жол белгілері, жасанды жол кедергілері орнатылып, жаяу жүргіншілер өткелдері мен оң жақ өткелдер салынуда.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бүгінде 3 мыңға жуық жол белгісі орнатылып, 550 шақырым жолға таңбалар сызылды.
Шымшаһарды тұрғындар мен қонақтардың жүріп-тұруына барынша қолайлы ету үшін жол инфрақұрылымы саласында кешенді жұмыстар қолға алынған.
Айталық, көшелерде көлік кептелісін азайту мақсатында жол таңбалары жаңартылып, бағдаршам, жол белгілері мен оң жақ өткелдер салынуда. Жібек жолы — Сайрам көшелері мен Ибрагим ата — Сареми көшелерінің қиылысына оң жақ өткелдер ұйымдастырылуда. Бұл шаралар осы аумақта кептелісті азайтуға мүмкіндік береді.
Бәйдібек би даңғылы — көлік ағыны жоғары негізгі магистральдің бірі. Осыған орай, Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесіне қосымша жолақтар жүргізілді. Ендігі кезекте Бәйдібек би — Алатау қиылысына қосымша жолақ ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Бәйдібек би даңғылы мен Көшеров көшесіне кері бұрылыс ұйымдастырылып, Бәйдібек би — Абылай аралығын қосу жұмыстары жүргізілді.
Онымен қоса, Бәйдібек би даңғылына балама жол ретінде Тұран және Тұран-2 шағын аудандарынан қала орталығына тікелей қатынайтын Таңбалытас көшесіне асфальт төселіп, жол таңбалары сызылды.
Қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелерде жол таңбалары сызылуда. Жалпы, қалада асфальт жолдың ұзындығы – 2312,3 шақырымды құрайды. Жоспарға сәйкес биыл 1100 шақырымға жуық жол таңбалары сызылады. Осыған дейін оның 167
Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10 орынға трапеция тәріздес жаяу жүргіншілер өтпесі ұйымдастырылады. Назарбеков көшесінде Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің тұсына салынған трапециялық жаяу жүргіншілер өткеліне жол таңбасын сызу жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар қозғалысқа кедергі келтірмес үшін түнгі мезгілде атқарылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика