Қалада жалпы ұзындығы 891 шақырым 443 магистраль көшені санитарлық тазалауға, абаттандыруға және күтіп ұстауға 5 мердігер ұйым жұмылдырылған.
Күн сайын мегаполис көшелерін тазартуға 2500 жұмысшы шығады, 150 арнайы техника жұмылдырылады.
50 адамнан құралған бригадалар қоғамдық орындар мен автобус аялдамаларында, сондай-ақ саябақтар мен скверлерде тазалық шараларын жүргізеді.
Күн сайын тротуарлар, суару жүйелері, қала көшелері мен қоғамдық алаңдар тазалануда. Қала көшелерін механикалық тазарту жұмыстары да кестемен атқарылады.
Магистраль көшелер маңыздылығына қарай үш санат (I санаттағы көшелер – 67 көше, II санаттағы көшелер – 157 көше, III санаттағы көшелер-219 көше)
бойынша жиналады . Сондай-ақ жасыл желектер 21 ұңғыма арқылы суырылып,
20 мың шаршы метр жерге көгал егілді.
Айта кететін, бүгінде Қаратау ауданы аумағындағы 631 шақырымды құрайтын 595 көшенің 364 шақырымы — асфальт, 233 шақырымы шағал тас болса, 33 шақырымын топырақ көшелер құрайды. Былтыр 50 шақырымдық 70 көшеге асфальт төсеу жұмыстары атқарылды. Ал 33 шақырым 41 көшеге шағал тас төселген.
Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады. Жыл соңына дейін жалпы 87 көшеге 48,8 шақырым асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Аудан аумағындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Былтыр 30 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылды. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан жарықтандырылған 18 көше энерегетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне өтті. Ал 2025 жылға дейін 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 2023 жылы Шымкент қаласы аумағындағы жасыл желектер мен көгалдарды суғару мәселесін шешу мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 111 су ұңғымалары қазылған. Әр аудан бойынша 20 дана су ұңғымалары қазылып, автоматты суғару жүйелері жүргізіліп, сорғы құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар, қысқы маусымға мемлекеттік-жекешелік әріптес тарапынан 155 арнайы техника жұмылдырылды. Өткен жылмен салыстырғанда қар күреуге арналған техникалар саны 87 данаға ұлғайтылды.