Іс-шара мақсаты азаматтардың кибер сауаттылығын арттыру және оларды ғаламтордағы алдау түрлері туралы хабардар етуге бағытталған.
Кездесу барысында әлеуметтік желілердегі алдаудың құрбаны болмау және онлайн-алаяқтардың негізгі схемалары туралы айтылды.
Жиын қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алып, алаяқтардан қалай қорғану керегін меңгерді.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты.
Кейінгі уақытта мессенджер арқылы ақша беріп алдайтын алаяқтық қаптады. Жемтігін желіден іздейтін қылмыскерлер жеке телефон нөмір арқылы тіркелетін мессенджерлерге де келді. Әлеуметтік желіде мол байлықтың иесі екеніңді айтып есіңді алатын шетелдіктердің Whatsapp пен Телеграм арқылы жұмыс ұсынуы кәдімгідей сенім ұялататыны рас. Бірақ жағдайыңа қарайлайтын «қайырымды» жұмыс берушілер айласын асырса, қақпанға түстім дей беріңіз.
Скимминг – заңды транзакция кезінде несиелік немесе дебеттік карта ақпаратын ұрлау. Скиммер суретшілері қалталы скиммерлерді пайдаланып бейхабар тұтынушылардың несиелік және дебеттік карталарын сканерлеу үшін мейрамханаларда, жанармай құю станцияларында және қонақүйлерде уақытша жұмыс табады.
Интернеттегі алаяқтық ақпараттық технологиялардың көмегімен жасалады. Қылмыскер тіпті шетелде отыруы мүмкін. Сондықтан құқық қорғау органдары оларды анықтаған күннің өзінде қылмыскерді алдырту – күрделі жұмыс. Алаяқтық жасалған мемлекетпен арада келісімшарт болмаса, сұрау хаттың соңы да сиырқұйымшақтанып кетуі мүмкін. Әйткенмен шетелдік нөмір көрсе, шекесі шылқи майға малынатындай көретін адамдар жетерлік.