Жаңа оқу орны Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан құрылды, деп хабарлайды r-factor.kz ақпарат агенттігі. жаңа колледждің ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты. Жүсіпбек Аймауытұлының атын беру униерситет жанындағы ғылыми кеңес мәжілісінде кеңінен талқыланды. Шешім қолдау тауып, арнайы орта білім беретін оқу орны қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист есімімен аталды.
Әзірге аталған колледжде үш мамандықты оқытуға лицензия берілген, олар 01140100 — Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі, 01140200 — Музыкалық білім беру, 01140300 — Көркем еңбек.
Мұнда елу сегіз оқытушы жастарға білім береді. Оның біреуі ғылым докторы, он жетісі ғылым кандидаты, үшеуі PhD, жиырма тоғызы магистр, үшеуі аға оқытушы. Материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жасақталған ғимаратта жүз жетпіс бес кабинет, он үш зертхана, екі шеберхана жұмыс істейді.
«Қазіргі таңда Шымкентте «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 12 мектеп соғылып жатқаны белгілі. Олар жаңа оқу жылына дейін дайын болып, құрылысы аяқталуы тиіс. Сондықтан, уақыт тығыз. Барлық тарап міндеттемелерді тиісті деңгейде, өз мерзімінде аяқтауы маңызды. Сондықтан, бұл жиынға қалалық білім басқармасы, «Самұрық Қазына» АҚ өкілдері келіп отыр. Мектеп жиһаздарының техникалық сипаттамасы бойынша білім басқармасы тиісті құжаттарды жиһаз жасаушыларға жіберілген. Сондықтан, қосымша сұрақтарды пысықтап, жұмысты бастау керек», – деді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.
Сонымен қатар Білім басқармасының мамандары биыл Шымкентте өтетін «WORLDSKILLS SHYMKENT-2024» кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыру жұмыстарын да талқылады.
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» директорының орынбасары Сейілхан Сайыпназарұлы WorldSkills Kazakhstan Бас Ассамблеясының отырысында қаралған мәселе бойынша ақпараттық талдау жасады. «Индустриялық-техникалық колледжі» директорының орынбасары Нұрболат Абдуллаев CIS жүйесінде жұмыс істеу, бағалау бойынша жаңадан тағайындалған сарапшыларға нұсқаулық беру әрі кәсіби шеберлік чемпионатын дұрыс ұйымдастыру туралы баяндады.
Жиын қорытындысында сарапшылар өз ұсыныстарын ортаға тастады.