• Пн. Апр 21st, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

Автор:admin

Апр 21, 2025
Spread the love

Шымкентте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өтті. Мәселен «Ерлікке тағзым» акциясы аясында қала аумағындағы Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштері мен мемориалдары тазаланып, жөнделіп, айналасы абаттандырылды. Оның ішінде Абай саябағындағы «Даңқ» мемориалы, «Жеңіс» саябағындағы генерал Сабыр Рахымовтың ескерткіші, сондай-ақ, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың және өзге де ескерткіштердің айналасы тазаланып, абаттандырылды.
– Бүгін біз қаламыздағы Абай саябағының аумағында орналасқан «Даңқ» мемориалының айналасын тазалап, ретке келтіріп, осы аумақты абаттандырып жатырмыз. Бұл – біздің Ұлы Отан соғысында Отанын қорғау жолында құрбан болған батыр бабаларымыздың рухына жасаған тағзымымыз. Жалпы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын кең көлемде атап өту арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіре аламыз, – дейді акцияға үлес қосқан ерікті жас Арай Әлім.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалында еліміздің оңтүстік өңірінен майданған аттанған 140 мыңнан астам ардагердің есімі жазылған.
Сонымен қатар «Ардағым ардагерім» акциясы аясында қала жастары Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды. Жастар ардагерлердің үй шаруасына көмектесіп, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып әперді. Отанын қорғау жолында басын бәйгеге тіккен ардагерлерге құрмет көрсетіп, алғысын білдірді.
Атап айтқанда, соғыс ардагері Нина Мосунованың үйіне Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев бастаған дәрігерлер мен жастар барды.
– Біз бүгінгі бейбіт өміріміз бен аспанымыздың ашық болғаны үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, қан майданда ерлік көрсеткен ата-әжелерімізге қарыздармыз. Сондықтан ардагерлерді ардақтау бүкіл қоғамға ортақ міндет деп ойлаймын. Бүгін біз Шымкент қаласының тұрғыны, соғыс ардагері Нина Егоровнаның үйіне келіп, ол кісінің денсаулығын тексеруден өткізіп, мамандарымыз дәрігерлік кеңес берді. Ардагерлеріміз әрдайым аман болсын, – дейді Б.Абдуллаев.
Ал, тыл ардагері Клавдия Панкинаның үйіне Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен жастар барды. Олар ардагер әжейге үй шаруасы бойынша көмектесіп, жылы сөздерін айтып, көңіл көтерді.
– Тыл ардагерлері майдангерлермен қатар сұрапыл соғыстың барлық ауыртпалығын көтерді. Әйелдер мен балалар өте ауыр жағдайларда еңбек еткенін, сөйтіп, Жеңіске лайықты үлес қосқанын тарихтан жақсы білеміз. Бүгін сол тыл ардагерлерінің бірі – Клавдия Степановнаның үйіне келіп, ол кісіге сый-сияпат жасап, үй шаруасына көмектесіп, барлық құрметімізді көрсетіп жатырмыз, – дейді Әл-Фараби ауданыны әкімдігінің бөлім басшысы Қадырхан Арысбеков.
Одан бөлек, Шымкент қаласында #Батырдың ұрпағымыз атты челендж өткізілді. Челленджде әлеуметтік желілерде жастардың бастамасымен Ұлы Отан соғысы кезіндегі ата-бабаларының ерліктерін баяндайтын жазбалар ұйымдастырылды. Қала жастары ардагерлердің сұрапыл соғыстағы көзсіз ерліктері мен жанқиярлықтарын атап өтіп, бүгінгі бейбітшілік пен тұрақтылықты сыйлағандықтары үшін өз алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, қаладағы барлық білім беру ұйымдары мен колледждерде «Ер есімі – ел есінде» атты оқушылар мен студенттерге арналған сынып сағаттары өтті.
Оның мақсаты — өскелең ұрпаққа қазақстандықтардың ерліктерін құрметтеуге және патриотизмге тәрбиелеу. Бұл күні оқушылар мен студенттер арасында сынып сағаттары, тарих сағаттары, тақырыптық көрмелер, сурет және қолөнер байқаулары, сондай-ақ, басқа да шығармашылық және танымдық іс-шаралар өткізілді.
Аталған іс-шаралармен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қамқорлық жасау, олардың денсаулығын сақтау мақсатында тиісті қолдау көрсету үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне кезектен тыс медициналық тексерулер, үйлерінде тексерулер жүргізу, жеңілдікті дәрілік заттармен қамтамасыз ету, үйде немесе стационарларда тегін емдеу шаралары ұйымдастырылды.
Шымкент қаласының әкімдігімен Жеңістің 80 жылдығын атап өту жөніндегі жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жеңіс күніне орай 9 мамыр күні «Даңқ» мемориалында арнайы мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

#ЕрліккеТағзым
#Жеңіске80Жыл
#ҰлыЖеңіс
#ДеньПобеды
#80летПобеде
#ЖеңісҮшінРақмет

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика