Оны полицейлер Қаратау ауданының аумағында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының аясында рейд жүргізу барысында ұстады.
Азаматтан 36 орама мефедрон табылды.
Ұсталған азаматтың интернеттен «жұмыс» тауып, қала аумағында есірткі қойып кетумен айналысқаны анықталды. Ал, жасырын орындар туралы ол мессенджерде бөлісіп отырған.
Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
Айта кететін, қазіргі заманғы есірткі заттар салыстырмалы түрде арзан, оларды Интернет арқылы оңай сатып алуға болады.
Синтетикалық препараттар — бұл жаңа психоактивті заттар. Бүгінгі таңда ең көп таралған жаңа психоактивті заттар «Скорость», «Мефедрон».
«Скорость» деген есірткінің ең қорқынышты салдары – бұл зат психозды тудырып психикаға қатты әсер етеді. Бұл бұзылыстың белгілері әдеттегі шизофренияға қатты ұқсайды және көбінесе ұзақ уақыт қолданғаннан кейін дамиды.
Мефедрон — заңмен шектелмеген шегуге арналған тұз ретінде пайда болған синтетикалық препарат, бірақ кейін бұл затты қолдануға тыйым салынды.
Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық мәселесі қоғам алдындағы бірінші жау атанды. Бірнеше он жылдықтар бұрын біз есірткі сияқты зиянкесті біздің елге қатыс жоқ деп санайтынбыз, ал қазір бұл қауіп бүкіл әлемде жаһандық ауқымда қабылданып, біздің мемлекетке де жетті.
Есірткі адам өміріне кері әсер етіп, отбасынан, қоғамнан алыстатады. Есірткіге тәуекелділіктің соңы қылмысқа алып барады. Әсіресе, жастар тыйым салынған затқа әуес. Жастардың есірткіге құмарлығы білместіктен, қызығушылықтан басталады. Осылайша таңсық дәмді көрсем деген жастық әуестіктің соңы бірте-бірте есірткілік тәуелділікке ұласады. Мұндай жағдайда жол бермес үшін әрбір ата-ана бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, отбасындағы тәрбие құндылығын арттыру арқылы ұрпағына зиянды әрекеттер туралы кеңінен ақпарат беріп, саламатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіріп отырғаны абзал.
Қорыта айтқанда, адамға берілген құндылық – өмір болса, сол өмірді дұрыс сүру, тәрбиелі ұрпақ өсіріп, елге адал қызмет ету маңызды болып қала бермек.