• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шымкентте “Бір күндік клиника” – атты бірегей жобасы іске қосылып, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

Автор:admin

Июн 1, 2024
Spread the love

Қалалық перинаталдық орталық базасында ашылған клиникада жүкті әйелдер ерте кезеңде диагностикалық тексеруден өтіп, туа біткен ахауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Перенаталды скрининг, туа біткен ақаулар мен хромосомалық ауытқулардың қаупін бағалау — мұның барлығы бір күндік процедураға айналды. Бір күндік клиника – бір жерде, бір күнде перинаталдық диагностиканын барлық тексерулерінің жиынтығын өткізіп, нәтижелерін жылдам және нақты алуға мүмкіндік береді. Барлық диагностикалық процедуралар мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен тегін жүргізіледі.
Жүктілік скринингі немесе пренатальды скрининг – бұл нәресте туылғанға дейін оның денсаулығы туралы толық ақпарат алуға бағытталған зерттеулер кешені. Ол ұрықтың маңызды физикалық сипаттамаларын анықтайды және бірқатар туа біткен патологияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тексеру келесі патологиялық жағдайларды растауға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді:
1. Кеш көрінетін даму ауытқулары. Мысалы, жүректің, қан тамырларының ұсақ ақаулары, ішек атрезиясы.
2. Ұрықтың өсуінің тежелуі, оның пішіні.
3. Гипоксия салдарынан ұрықтың функционалды күйінің бұзылуы.
4. Хромосомалық ауытқулар.
Ультрадыбыстың көмегімен плацентаның локализациясы, қалыңдығы, құрылымы, амниотикалық сұйықтықтың мөлшері, орналасуы, нәрестенің жатырдағы жанасуы, аналық ұрпақты болу органдарының жағдайы анықталады. Осы көрсеткіштердің өзгеруін анықтау плацентарлы жеткіліксіздікті, босану процесінде асқыну қаупін көрсетуі мүмкін.
Хромосомалық ауытқулар мен ұрықтың ақаулары қауіп факторлары болған кезде ғана емес, сонымен қатар сау жұптарда да пайда болады. Олар клиникалық белгілермен көрінбейді және оларды стандартты тексеру әдістерімен анықтау мүмкін емес. Сондықтан I, II және III триместрлердің ультрадыбыстық скринингі барлық болашақ аналарға ұсынылады, сонымен қатар жүктіліктің 10 аптасына дейін жүкті әйелдерді уақтылы есепке алу өте маңызды.
Диагностиканың дәлдігі дәрігердің дайындық деңгейіне, сканерлеудің мұқияттылығына, ультрадыбыстық аппараттың техникалық мүмкіндіктеріне байланысты. ҚАМСКО-да жүкті әйелдерге скринингтерді VOLUSON E8 (Австрия) сараптамалық класс аппаратында 15 жылдан астам жұмыс өтілі бар жоғары және 1 санатты дәрігерлер жүргізеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика