• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ЖҮЗУ БАССЕЙНІ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Июн 2, 2023
Spread the love

Еліміздің үшінші мегаполисінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкелері кәсіподағы Шымкент қалалық кәсіптік одағының құрамындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Денсаулық» спорт кешенінің жүзу бассейні қайта жөндеуден өтіп, балалар мерекесіне орай халық игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды R-FACTOR.KZ.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатына шаһар басшысы Мұрат Әйтенов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеев, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, М.Әуезов атындағы «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің» ректоры Дария Қожамжарова, өңірлік Қоғамдық кеңес мүшелері, жергілікті және өзге өңірдің спортшылары қатысты. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашылған жүзу бассейнінде суға жүзуден жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Турнирде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов балғындардың қуанышына ортақтасып, балғындарды мерекемен құттықтап, шаһарда бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдай жасалатынын айтты.
Екі күнге жалғасатын жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 400–ге жуық спортшыдан құралған 23 команда қатысуда. Республикалық дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибесін арттырады. Бүгінде қалада 1000-нан аса спортшы кәсіби түрде жүзу спортымен шұғылданады. Күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талапқа сай жабдықталған жүзу бассейні мегаполисте бұқаралық спорттың дамуына, сондай-ақ жүзуге қатысатын жас жеткіншектер қатарының артуына ықпал ететін болады.
Спортпен тек спортшылар айналысу керек деген қағида жоқ. Себебі денсаулығын ойлайтын, шымыр болғысы келетін адамдар спортты серік еткені абзал. Денені аз қозғалту, күнделікті жүгірмеу, гимнастика жасамау, бір сөзбен айтқанда, қозғалыссыз жүретін адамдар аз өмір сүретінін ғалымдарда дәлелдеген. Мәселен, спортпен аз шұғылдану май басу, гипертония, диабет, тіпті рак ауруына шалдығуы мүмкін. Кәсіподақ мүшелері алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика