Жаңа оқу жылы басталуы қарсаңында 26 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында қалалық полиция департаментінің қызметкерлерімен «Абайлаңыз-балалар!» атты кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдердің жарақаттануын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережелерін насихаттау.
Шара аясында білім беру мекемелерінде балалардың жол жүру ережесінің біліктілігін арттыру мақсатында арнайы лекциялар, дөңгелек үстел, семинарлар, тренингтер, сауалнамалар ұйымдастырылатын болады.
Сонымен қатар, полиция департаментімен білім беру ұйымдарының айналасында орналасқан көше жол тораптарының жағдайы зерделенетін болады.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді, себебі жолдағы балалардың қауіпсіздігі – ересектердің басты міндеттерінің бірі.
Сонымен қатар, кешенді қауіпсіздік жүйесі тәулік бойы күзетті қамтамасыз етеді. Ол ғимаратта орналасқан. Қауіпсіздік жүйесі полиция департаментіне дабыл арқылы стационарлық жедел әрекет ететін дабыл түймесімен толықтырылған. Қандай да бір оқиға немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел топ келеді. Орнатылған видеокамералардан дабыл тікелей полиция департаментінің жедел орталығына түседі. Білім беру объектілерінің бүкіл аумағы тәулік бойы периметрі бойынша қаралады.
Еске саларлық, 2023-2024 жылы басында №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының қосымша жапсаржайы қолданысқа берілген болатын.
Жалпы алаңы 5 мың шаршы метрді құрайтын құрылыс жұмысы кестеге сай жүргізіліп жатыр,
Ғимарат үш қабатты, 2 блоктан тұрады, мұнда 0-4 сынып оқушылары оқытылады деп күтілуде. Жалпы оқу ғимаратында 25 оқу сыныбы бар, сыныптар 24 оқушыға шақталған. Мектептің бастауыш сынып бөлігінде 50 педагог сабақ беретін болады. Оқушыларға 220 орындық асхана және спортзал қамтылған.
Сонымен бірге нысанның үшінші қабатында 16 оқу орны, 3 компьютер орны бар 10 мың кітап қорына арналған кітапхана, шахмат клубы қарастырылған.