Шымкенттегі Арбат демалыс аймағында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы және Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Dombyra party» мерекелік іс-шарасы өтті.
Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұлттық аспап арқылы ұлттық мәдениет, өнер туындыларын, Қазақстан халқының рухани құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және тарихқа деген құрметті насихаттай отырып, Қазақстанның әрбір азаматының рухани санасын жаңғырту.
Ұлы мұрамызды ұлықтайтын домбыра кешінде 50-ден аса жас күйшілер өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, республикамыздың барлық өңірлерде бұл бірдей, бас-аяғы 4 000-ға жуық адам үн қосты.
Еліміздегі жастар әртүрлі. Олардың көзқарастары, ұстанымдары мен алға қойған мақсаттары әрқилы. Бірақ осындай айырмашылықтарға қарамастан, бізді туған жерімізде, тәуелсіз және айбынды Қазақ елінде бақуатты әрі бақытты өмір сүруге, болашағымызды өз Отанымызбен байланыстыруға деген ұмтылыс біріктіреді. Ол өз елімізде жақсы білім алу, табыстарға қол жеткізу, денсаулығымыздың мықты болып, отбасымызбен ырысты һәм берекелі ғұмыр кешу дегенді білдіреді.
Бәріміздің басымызды біріктіретін осы арман –мақсаттың маңыздылығы елімізде өзгерістер жүріп жатқан дәл осы сәтте арта түскені сөзсіз. Қазір түбегейлі өзгерістер жасалып жатыр. Олар біздің жарқын болашаққа деген үмітімізді қайта оятты. Біз өзімізге тән жігер, жасампаздық, тазалық және әділдік сияқты қасиеттердің арқасында елдің дамуына кедергі келтіретін келеңсіздіктерді артқа тастап, Жаңа Қазақстанды құруға белсене қатысып оң өзгерістердің жүзеге асуын қамтамасыз ете аламыз.
Іс-шараға партияның «Miras» кеңесінің мүшелері, Шымкент қаласы «Жастарды қолдау» кеңесінің мүшелері, Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, Саз колледжінің оқытушылары, мектеп оқушылары, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері, Падишах және Балдаурен би топторы қатысты.
Жастарды жігерлендіру мақсатында алғыс хаттар мен домбыра мүсіндері естелікке сыйға табысталды.
Қоғам мен мемлекеттің қандай болмағы бізге, яғни жас азаматтарға байланысты.