Қала халқының табысының артуына байланысты, өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылар саны 30,4 пайызға азайды. Қаламызда бүгінгі таңда мемлекет тарапынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Биыл 8 227 отбасындағы 42 866 адамға атаулы әлеуметтік көмек және 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы дейінгі балаларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем 14 329 балаға төленді.
Халықты жұмыспен қамтудағы негізгі мәселе – жұмыссыздық деңгейін төмендету. Былтырғы жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, оған 73 984 адам қатысқан. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9% құраған. Ал, осы жылдың басынан бері жұмыссыздык 4,8 пайызды құрап отыр. Биыл жұмыспен қамту шараларына 56 962 адамды қатыстыру көзделген, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 32 128 адам қатысты. 2024 жылдың ІІ тоқсандағы жағдаймен жұмыссыздық деңгейі 4,8%, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 3,1% (жоспар 3,7%), құрап отыр.
2019-2023 жылдар аралығында «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 227 инновациялық жобаға 5 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз негізде грант берілген. Нәтижесінде қалада 341 жаңа жұмыс орны ашылды. Биылғы жылға 273 адамға 1,4 млрд теңге бөлініп отыр.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Мұндай көмек аз қамтылған отбасыларға ақшалай төлем негізінде жүзеге асырылады. – АӘК-ке өтінім берген отбасылар арасында әлеуметтіки келісім-шарт жасалады. Отбасындағы жұмысқа жарамды азаматтар жұмыспен қамту шаралары, яғни оқытуға, субсидияланатын жұмыс орындарына, грант беруге және тұрақты жұмыс орындарына жолдама беріледі. Жұмыстан бас тартқан отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды, – деді баспасөз брифингке қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Өтебаева.
Биыл 7 айдың қорытындысымен 7 797 отбасындағы 40 419 адамға атаулы әлеуметтік төлем жасалды. Қаламыздағы халықты жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,7 пайызға азайып отыр. Мәселен 2023 жылдың 7 айында 11 089 отбасындағы 56 199 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын.
Атаулы әлеуметтік көмектің тағы бірі – алты жасқа дейінгі балаларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді.
Ал, 1-6 жас аралығындағы балаларға 1,5 АЕК көлеміндегі (5 538 теңге) көмекті есепті кезеңіде 6900 отбасындағы 13 494 бала үшін төлініп жатыр. Көмектің бұл түрін алушы отбасы саны да кеміген. Яғни, 2023 жылы 9 782 отбасындағы 18 608 балаға төленіп, осы жылмен салыстырғанда 27,5 пайызға төмендеген.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 11 411 азамат жұмысқа жарамды болса, 6 716 азаматтың жұмысы бар АӘК-ке өтініш берген отбасылардан жұмысқа жарамды 279 тұрғынды нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Атап айтқанда, 190 адам тұрақты жұмыс орындарына, 41-і қоғамдық жұмыстарға, 8 адамды жастар практикасына, 16 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына және 24 адамның кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетілді.