• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ №24 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 3, 2023
Spread the love

Еліміздің үшінші мегаполисінде Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицей ұжымымен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың қатысуымен жоспарлы семинар кеңес өткізілді. Жиын барысында еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді. Атап айтқанда, еңбек дауларын алдын-алу, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын көтеру сынды түрлі ақпарат айтылды.
Кездесу барысында жұмыскерлердің еңбек құқықтары талқыланып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Соңғы 30 жыл ішінде қазақстандық еңбеккерлердің көп бөлігі негізгі қажеттіліктерін өтеуге әрең жететін жалақы алып келеді. Бүгінде Еңбек адамы несие алу мен бөліп төлеумен өмір сүріп жатыр, оларды төлеу үшін қосымша жұмыс, лауазымдарды қоса атқару, басқа жерде де жұмыс істеу сияқты қадамдарға барады. Өркениетті және әлеуметтік мемлекетте еңбеккер кедей бола алмайды және болмауы тиіс.
Бұл әлеуметтік саладағы келеңсіз үрдістерді тудырады, әлеуметтік шиеленістерге, наразылық пен деструктивті көңіл-күйге, еңбек дауларына негіз жасайды және елдің тұрақты дамуын тұрақсыздандыруы мүмкін!
Еңбек қатынастары жүйесіндегі дағдарыстың негізгі себебі – лайықты еңбектің жетіспеушілігі. Ал бұл – еңбеккерлердің құқығы қорғалатын, тиісті табыс әкелетін, әлеуметтік қорғанышты қамтамасыз ететін еңбек. Лайықты еңбек – тек мақсат емес, тұрақты даму факторы.
Еңбек қатынастарының кез келген нысаны тараптардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ете отырып, заңды түрде жасалуы тиіс.
Еңбеккерлерге міндетті кепілдіктерді белгілеу, әлеуметтік әріптестікті дамыту, Халықаралық еңбек ұйымының құжаттарында бекітілген үздік халықаралық еңбек стандарттарын енгізе отырып, еңбек заңнамасын жетілдіруге қол жеткіземіз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика